22.12.2020, 10:10
Оқылды: 212

«Бөрлі тарихы – мұрағаттар қойнауынан» республикалық онлайн конференциясы өтті

Бөрлі ауданы – еліміздің ең серпінді дамып келе жатқан, бай тарихында із қалдырған даңқты оқиғаларға толы қасиетті өлке. Бөрлі өңірінің әкімшілік-аумақтық құрылымы, экономикалық –шаруашылық әлеуеті, табиғи және қазба байлықтары, көне заманнан қазіргі кезге дейінгі тарихи жан-жақты дамыған. Қасиеті ерекше, тарихы терең, қазынаға бай өлке екендігі сөзсіз.

бөр1

21 желтоқсан күні Бөрлі ауданы әкімшілігінің қолдауымен «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қорының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Бөрлі тарихы – мұрағаттар қойнауынан» атты республикалық онлайн конференциясы өтті.

Конференция «Орынбор қазақтарының Батыс бөлімі басқарушыларының құжаттары», «Кіші жүз тарихына қатысты құжаттар», «Бөрлі ауданы тарихына тиісті ғылыми зерттеулер» тақырыптарын қамтыды.

Конференцияда Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, тарих магистрі Алмас Жүнісбаев «Сұлтан Асфендияр және оның әулеті», доцент, археолог, тарих ғылымдарының кандидаты Мұрат Калменов «Бөрлі ауданың археологиясы», «Егемен Қазақстан» газетінің Батыс Қазастан облысындағы меншікті тілшісі, өлкетанушы,  Қазбек Құттымұратұлы «Бөрлі ауданың құлпытастары», тарих магистрі Уәлихан Сагидуллин «Жолбарыс Төрыұлы»,  Шыңғырлау аудандық музейінің қызметкері Қаршыға Елемесов «Шыңғырлау аудандық музейінің жұмысы туралы», «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қорының директоры, тарих магистрі Айболат Құрымбаев «Бөрлі ауылының тарихы мен Баймұхамед сұлтанды байланыстыратын не?», өлкетанушы, шежіреші Дамир Еншибаев «Табын руы Бөрлі ауданының тарихында» тақырыптарында баяндама жасады.

Сонымен қатар шараға қазақстандық ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының қызметкерлері, жоғары оқу орындарының магистранттары мен докторанттары, өлкетанушылар қатысты.

Конференция барысында мұрағаттар қойнауында сақтаулы тұрған Бөрлі ауданының тарихына қатысты жаңа құжаттар ғылыми айналымға қосылып, талқыланды. Жаңа археологиялар және туризм нысандары, Бөрлі ауылының тарихы, шежіре, құлпытастар туралы сөз болды.

Сонымен қатар келер жылға археологиялық нысандарға қазба жұмыстарын жүргізу, магистрантар мен докторанттарға  Бөрлі ауданының XIX ғасырдағы тарихы туралы диссертацияларына грант тағайындау, туризм нысандарына келетін туристерге  ыңғайлы жағдай жасау т.б. ұсыныстар ортаға салынды.

 

А.Ильясов,

тарих пәнінің мұғалімі

Ақсай қаласы

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале