23.03.2022, 17:10
Оқылды: 51

Бөрлі жастары салт-дәстүрді ұлықтады

Бөрлі жастарының басын қосқан аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен «Ата салтым - асыл қазынам»  және  «Ұлттық ойын - халық мұрасы» атты шара өтті.

88647F75-ADC4-4099-82DE-3F9871D51834

«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында өткен шарада Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік берілді. Халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде орасан пайдасы тиетін ұлттық ойындарды көрсетілді.

«Ата салтым - асыл қазынам» шараның алғашқы кезеңінде қазақтың салт-дәстүрі көрініс, қойылым ретінде көрсетілді. Онда әр ауылдық округте жұмыс жасайтын әдіскерлер бесікке салу, баланы қырқынан шығару, тұсау кесу, тілашар тойы, қыз ұзату, келін түсіру сынды салт-дәстүрді көрсетті. Ал екінші кезең  «Ұлттық ойын-халық мұрасы» деп аталып, онда қазақтың ұлттық ойындары асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту сынды ойындар көрсетілді.

579C21A4-A3E8-4672-B80E-FCFD8D04473E

Сондай-ақ Жастар ресурстық орталығы орталықта өткен наурыз мерекесінде балалар арасында мақал жалғастыру, жұмбақ жасыру ойынын ойнатып, жеңімпаз балаларды бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале