23.09.2020, 12:08
Оқылды: 112

Бөрліде аудан күніне орай онлайн түрде күзгі марафон өтті

Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Aksay Runners» клубының бірлесіп ұйымдастыруымен жеңіл атлетикалық жүгіруден жастар мен ерлер, әйелдер және ардагерлер арасында ашық аудандық онлайн марафон өткізілді.

200922155103027e

Аталмыш жарысқа Нұр-Сұлтан, Орал, Ақтөбе, Қарағанды, Ақсай қалаларынан, Сырым, Ақжайық, Бәйтерек, Тасқала, Теректі, Жәнібек, Бөрлі аудандарынан 64 спортшы қатысып өз бақтарын сынады. Жарыстың ережесі бойынша сайыс «STRAVA» қосымшасы арқылы өткізілді. Спортшылар 5 км, 10,5 км және 21,1 км қашықтықта жүгірді.

Жарыс қорытындысына сәйкес әртүрлі жас ерекшеліктері мен әртүрлі қашықтық аралығында жастар мен ерлер арасында Асылмұратов Рафхат (Бәйтерек ауданы), Козбагиров Мақсат (Тасқала ауданы), Ізғали Бейбарыс (Орал қ.), Даулетов Ербол (Теректі ауданы), Бекежан Нұрлыхан (Орал қаласы), Исенгалиев Архат (Орал қаласы), Жоламанов Аян (Сырым ауданы), Ольховик Валерий (Ақсай қаласы), Якименко Сергей (Ақсай қаласы) есімді споршылар мықтылықтарын дәлелдеп бірінші орынды еншіледі.

Әйелдер арасындағы бәсекеде Амангелдина Айжан (Сырым ауданы), Жоламанова Нургул (Сырым ауданы), Койшугулова Миркамал (Ақсай қаласы), Цяцко Маргарита 1.57.38 сек (Ақсай қаласы), Баймуканова Ақалқа (Ақсай қаласы) сынды спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді. Әйелдер сынында сырымдық және бөрлілік нәзік жандылар мықтылықтарын танытты.

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале