21.10.2021, 21:18
Оқылды: 135

Бөрліде ірімшік цехы ашылды

Нақтырақ айтсақ аудандағы Қарағанды ауылдық округінде ірімшік өндіру цехы іске қосылды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ашылған шағын цехты "Манукян" шаруа қожалығының иесі Варвара Манукян ашып отыр.

WhatsApp Image 2021-10-21 at 21.03.48
Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоғжанов пен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Азамат Халелов қатысты.

WhatsApp Image 2021-10-21 at 22.27.31
Цехта ірімшіктің 7 түрі өндіріледі. Айта кетсек, "Манукян" шаруа қожалығы Қарағанды ауылындағы ірі кәсіп иесі. Кәсіпкердің әкесі Ашот Манукян осы кезге дейін ауылдың өркендеуі үшін біраз жұмыстар атқарған. Мәселен, ол әкесі және бауырларымен бірігіп, ауыл мектебін, балабақшасын және тұрғын үйлер салған. Сонымен қатар қайырымдылық жасауда да алғы шептен табылып, әртүрлі шаралар кезінде демеушілік жасап тұрады.

WhatsApp Image 2021-10-21 at 22.27.30
Айта кетсек кәсіпкердің бизнес-идеясын іске асыру «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасына қатысудың нәтижесінде мүмкін болып отыр. Бағдарлама аясында кәсіпкер сүт өнімдерінің өндірісіне арналған құрал-жабдық алуға 3 млн-ға жуық грант ұтып алған. Бұған дейін аталған шаруа қожалығы ауылды азық- түлікпен қамтамасыз етіп отырған дүкен иесі. Бүгінде ірімшік цехын ашқан олар тұтынушының сұранысына сай тауар шығаруға ұмтылуда. Нәтижесінде жас кәсіпкер Варвара Ашотовна балғын, дәмді және бағасы қолжетімді өнімге сұраныс күн санап өсіп жатқанын айтты.

Сәнім Меңдібай,
Бөрлі ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале