3.03.2020, 12:47
Оқылды: 148

Бөрліде мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада мәреге жетті

  Мемлекеттік қызметшілер арасындағы аудандық спартакиада қорытындыланды. Бөрлі ауданы әкімі Миржан Мұнайдарұлының төрағалық етуімен, қала, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен өткен отырыс барысында жеңімпаз командаларға тиісті дәрежелі дипломдар мен кубоктар табысталды.
spartakiada (5)

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш спартакиадаға 7 команда қатысқан болатын. Жарыс бағдарламасына волейбол, үстел теннисі, асық ойыны (бес табан, бес асық), қол күресі, гір тасын көтеру, шағын футбол, арқан тарту, шахмат, тоғызқұмалақ, отбасылық эстафета, баскетбол, жүзу секілді спорт түрлері енген еді.
spartakiada (4)

Жалпыкомандалық есепте мықтылықтарын танытқан «Алтын Орда» командасы 286 ұпаймен бірінші орынды иеленді. «Бөрлі арландары» командасы 284 ұпай жинап екінші орынды қанжығаласа, «Оңтүстік» командасы 268 ұпаймен үшінші тұғырдан көрінді.
spartakiada (1)

Спартакиада барысында белсенділік танытқан Ақмарал Қуандыққызы, Бибігүл Амангелдіқызы, Әлия Саинқызы, Дастан Тлекқалиұлы, Алтай Жеңісұлы, Әзілхан Уалиханұлы, Нұрдәулет Қамидоллаұлы есімді спортшылар назардан тыс қалмай, аудан әкімінің алғысхатымен марапатталды.

Үздік атанғандар мемлекеттік қызметшілер арасында өтетін спартакиаданың облыстық кезеңінде Бөрлі ауданының намысын қорғайтын болады.

 Мейрамбек СЫДЫҚОВ

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале