20.11.2022, 13:15
Оқылды: 33

Бөрліде сайлау көңілді өтуде

Жалпы, Бөрлі ауданы бойынша кезектен тыс Президенттік сайлауы бірқалыпты өтуде. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан бөрліліктердің көңілдері көтеріңкі. Учаскелерге барып, өз таңдауын жасағандарға учаске алдында жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде сиыр етінен бастап, жергіліктің балдың түрлері, нан өнімдері, көкөніс, маусымдық киімдер мен қатар тәтті бәліштер сатылуда.

3

"Туған жерім - қазыналы мекенім" атты концерттік бағдарлама болса, жұртшылыққа керемет көңіл күй сыйлауда.

1

Ал, спорт сүйер бөрліліктер үшін түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды. Оның ішінде "Қой көтеру" жарысы көптің қызығушылығын танытуда.

 

2

Мәселен Сабыр Кардашов деген Ақсай қаласының №88 учаскесінің дауыс берушісі, қойды 71 рет көтеріп, жүлдеге сол қойды еншіледі.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале