10.01.2021, 13:56
Оқылды: 125

Бөрліде сайлау науқаны өз деңгейінде өтуде

Бүгін елімізде таңсәріден басталған дауыс беру Бөрлі ауданында да өз деңгейінде өтіп жатыр. Ауданда 34 сайлау учаскесі жұмыс жасауда. Осы орайда қаладағы №1, 2, 3, 6, 30, 10 қоғамдық көліктер кешке дейін тегін қызмет жасайтын болады.

 137057226_1329160577445244_5492368753023514882_n (1)

Ел өмірінде елеулі орын алатын саяси науқанға аудан тұрғындары белсенділікпен атсалысуда.

Аудан басшысы Миржан Сатканов та алғашқылардың бірі болып, қаладағы №6 мектеп-лицейінде орналасқан №81 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

«Егеменді еліміздің тарихында тағы бір елеулі оқиға орын алып отыр. Сайлаушылар өздерінің құқығын қолдана отырып, Қазақстанның болашағына, оның ішінде өздерінің болашағына байланысты өз таңдауларын жасап жатыр. Ал енді бұған дейінгі сайлауды алатын болсақ, бөрліліктер белсенділігін көрсеткен. Бүгінгі күні де белсенділік танытатындарына сенімдімін», - дейді аудан әкімі.

137281906_1329160457445256_6188496574159690360_n (1)

Таңғы жетіден өз жұмысын бастаған аталмыш сайлау учаскесінің төрайымы Нұргүл Кубашеваның айтуынша, учаскеде барлығы 2725 сайлаушы тіркелген. Олардың 10 пайыздан астамы сағат 11:30-ға дейін өз таңдауын жасаған. Саяси доданы өз дәрежесінде өткізуге барлық мүмкіндік жасалған. Ал сайлау учаскесіне келе алмаған зейнеткерлер мен мүгедектерге жылжымалы жәшіктер жөнелтіліп, дауыстары алынуда.

Сайлау учаскесіне келіп дауыс берушілердің қатары көбейе түсуде. Оны азаматтарды тіркеуші мамандардың бір сәт те қолы босамауынан аңғаруға болады.

«Мен бүгін өз таңдауымды жасауға отбасыммен келіп отырмын. Балам, жұбайым келді. Қазір дауыс беремін, менің ол азаматтық парызым. Барлықтарыңыз келіңіздер, дауыс беріңіздер», - дейді сайлауда белсенділік танытқан Дархан Тасимов.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау учаскелері өз жұмысын сағат 20.00-де аяқтайды.

 

 

Сәнім Меңдібай

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале