28.01.2020, 16:47
Оқылды: 30

Бөрліде «Тұрмыстық» жедел профилактикалық шарасы өтуде

Биыл Бөрлі ауданында қылмыс саны біршама азайғаны байқалады. Яғни, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қылмыстық оқиға саны 22-ге төмендеген.

policia

Осы жылы Бөрлі ауданы аумағында 29 қылмыстық іс тіркелсе, былтыр бұл мезгілде оның саны 51 болды. Десек те, былтыр аса ауыр қылмыс 1-еу ғана болса, биыл ол 5-ке жетіп отыр. Орташа дәрежелі қылмысқа кесек, биыл 16, өткен жылы 31 болды, - дейді Бөрлі ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Тимур Майранов.

Бөрлі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қатаң сақтау және қылмыстың алдын алу бойынша белсенді түрде профилактикалық іс-шаралар да өткізіп келеді. Қазір де қаңтар айының 5-інен бастап, ақпан айының 6-сына дейін Бөрлі ауданы аумағында «Тұрмыстық» жедел-профилақтикалық іс-шара жүргізілуде. Осы аралықта 32 әкімшілік хаттама толтырылса, қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 20 азаматқа да тиісінше шара қолданылды.

Мейрамбек Сыдықов

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале