27.08.2021, 16:40
Оқылды: 95

Бөрліде ұстаздардың тамыз кеңесі өтті

Аудан әкімі Миржан Сатқановтың қатысумен «Білім және ғылымелдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында ұстаздардың тамыз кеңесі өтті.

б3

Шара барысында Ақсай қаласының  2 бөбекжайының директоры Кульсум Бахтиярова, қалалық №5 ЖОББМ директоры Гульмира Сембиева, балалар музыка мектебінің директоры Асель Имашева әртүрлі тақырыптарда баяндама жасады. Аудандық тамыз кеңесінің секция жұмыстарының қорытындысы бойынша әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Роза Ахметова сөз сөйледі.

б1

Білім саласына елеулі үлес қосып, жемісті жұмыс атқарған Нуржауар Юсупова, Светлана Мурзагалиева, Акмарал Тулеуова, Людмила Кузьмина,  Сания Апиева, Алексей Коба сынды ұстаздар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталса, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаты Қадиша Ихсанова, Бакыт Ерниязова, Майя Калмакова секілді білікті ұстаздарға ұсынылды.

Сонымен қатар Дмитрий Клоков, Нургайша Какимгалиева, Зейнуллин Кайрат, Гульбагда Диярова, Шолпан Аймухамбетова, Валентина Кривега,  Гульбаршын Кусмагамбетова, Гулсулу Кошербаеваға Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы табысталды.

б4

Шара барысында мектептер арасындағы аудандық байқаулардың жеңімпаздары да марапатталады. Мерген Абдиров басшылық жасайтын Ақсай қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі «Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым» аталымын қанжығалады. Мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Үздік педагог» аталымына Ақсай қаласының №3 «Гүлдер» бөбекжайының   тәрбиешісі Үміт Ельжанова ие болды. Орта білім беретін ұйымдар арасында  «Үздік педагог» аталымын Ақсай қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің география пәнінің мұғалімі Щапова Марина иемденді.

- 2020-2021 оқу жылында 443түлек орта мектепті аяқтады. Олардың ішінде 338 ҰБТ тапсырып, білім сынына қатысты. Қорытынды бойынша қатысушылардың 156-сы (35,2%) мемелекеттік грант иегерлері атанды. 6 түлек БҚО әкімінің гранты негізінде оқуға түссе, 19 түлегіміз ТМД гранаттарын иегерлері болды. Бұның барлығы біздің ұстаздардың еңбегінің жемісі екені анық. Алдағы оқу жылында үлкен жетістіктерге жетіп, жаңа шыңдарды бағындырайық, - деп түйіндеді білім беру бөлімінің басшысы Айымгул Тржанова.

 

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале