11.06.2026, 13:00
Оқылды: 11

Бөрліде халық үніне құлақ түрген кездесу өтті

Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсанов және ауданға қарасты ауылдық округ әкімдері тұрғындармен кездесіп, халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауаптарын берді.

Встреча с сельчанами 3

Халықпен кездесуге аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов, аудандық мәслихат төрағасы Қайрат Ермекбаев, аудан прокуроры Арман Төремұратов, аудан аппаратының басшысы Ерік Төлепқалиев, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ербол Аманғалиев, аудандық мәслихат депутаттары және бөлім басшылары қатысты.

Әр кездесу ауыл әкімдерінің биылғы жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар мен 2026 жылдың ІІ жартыжылдығында атқарылатын жұмыстардың жоспары жөнінде баяндамасымен басталды. Кездесуде аудан әкімі Еркебұлан Нұретдинұлы аудандағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы халыққа ақпарат берді.

Встреча с сельчанами

- Біздің басты жұмыстарымыздың бірі – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру. Осы ретте бірінші кезекте инфрақұрылымды жақсарту болып табылады. Инфрақұрылым дегеніміз - жол, электр энергиясы, су және газ мәселелері. Ауданымызда 27 елді мекен бар. Қазіргі уақытта Қанайға 2,6 км кіреберіс жол салынды. Былтыр Бөрлі ауылында 16 км ауыл ішілік жол салынса, Бумакөл ауылындағы 8 көшені асфальттадық. Сондай-ақ Приуралдағы 3 көше, Жарсуаттағы 6 көшеде асфальт салу жұмыстары жүрді. Сонымен қатар республикалық маңызы бар жолда орналасқан Ресеймен шекарадағы көлікпен өтетін пунктті модернаизациядан өткізіп, кеңейтудеміз. Қазіргі уақытта Ақсуға кіретін 2,1 км жолдың жұмыстары басталды. Алдыңғы жылы Кеңтүбекке баратын 14 км жолдың құрылысы аяқталды. Енді осы жұмысымызды ары қарай жалғастырамыз. Алдағы уақытта Қарағанды ауылдық округіне апаратын 14-26, 26-38 км жолды биыл бастап, келесі жылы аяқтайтын боламыз. Сондай-ақ Қанай ауылының тұсындағы облыстық маңызы бар жолдың құрылысы да аяқталады, - деді аудан басшысы.

Қанай ауылдық округ әкімі Есенаман Стамғазиев өз есебінде былтырғы жылдың аяғында өткен кездесуде көтерілген мәселелердің орындалу барысы туралы ақпарат берді. Ауыл әкімі есеп бергеннен кейін тұрғындар өздерін алаңдатқан сұрақтарын қойды. Аталған ауылда өткен кездесуде мал бағымы, көшеде қараусыз жүрген үй жануарлары, қаңғыбас иттер, қазақ сыныптарының жабылуы, бірнеше сыныптың бірігуі туралы сұрақтар қойылып, жауаптары алынды.

Встреча с сельчанами 4

Келесі кезекте халықпен кездесу Бөрлі ауылында жалғасты. Алдымен Бөрлі ауылдық округінің әкімі Әзілхан Зарифов ауылдың қазіргі жағдайымен таныстырды. Бөрлі ауылында өткен кездесуде тұрғындар су құбырлары, физиотерапия кабинеті, ауыл ішіндегі қалып қойған көшелерді асфальттау, қоқыс салуға арналған жәшіктер, ауыз су, электр желілері, дәрілермен қамтамасыз ету, тамақ бағалары, әлеуметтік жұмысшылар, медициналық көмектің сапасы, жедел жәрдем, балалар алаңын салу туралы сұрақтар қойды.

Әрі қарай кездесу Бумакөл ауылында өтті. Ауыл әкімі Нарынбек Каймулдинов өз баяндамасында округ аумағында 16 шаруа қожалығы және 2 ЖШС бар екенін атап өтті. Сондай-ақ кездесу барысында округ басшысы Бумакөл мен Утвинка ауылдарының арасындағы жол сапасының нашар екендігін айтып, Облавка ауылында ауылішілік жолдардың асфальтталуына, Утвинка ауылындағы электр желілерінің тозуы себепті жарықтандыру жүйесін жаңарту және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудан басшысының көмектесуін сұрады.

 

Айдана Абдрахманова

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале