29.10.2021, 18:06
Оқылды: 88

Бөрліде жаңа супермаркет ашылды

Ауданның экономикалық дамуын өрге тартатын кезекті инвестициялық жоба бүгін Бөрлі ауылында ашылды.  Бөрлі ауылы аудандағы ең ірі округ болып саналады. Ауылда биылғы жылы мемлекеттік бағдарлама аясында қос көше тақтайдай тегістелелуде. Жалпы 4200 тұрғын бар округтың болашағы зор. Соны ескерген кәсіпкер Айбек Омаров "Бәйтерек" супермаркетін ашты. 45 млн теңгені құраған бұл жобаның жалпы аумағы  450 шаршы метр.

77

Кәсіпкер Ақсай қаласы аумағында сауда нүктелерінің желісін дамыту бойынша жұмыстанып, аудан орталығының өзінде 9 супермаркет ашқан еді. Сауда орындарында бүгінде 290 адам тұрақты жұмыс жасайды. Ал жаңадан ашылған нысанда 22 тұрақты жұмыс орны ашылды.

79

Кәсіпкерлік нысан тұрғындарға тәулігіне 14 сағат қызмет көрсетеді. Супермаркетте сапалы және төмен бағадағы азық-түліктер, жеміс-жидектер және тұрмысқа қажетті тауарлардың барлығы бар.

80

Аудан әкімдігінің бастамасымен қолға алынған "Пик сағаты" акциясы жаңа супермаркетте де жүретін болады. Алдағы жылдары кәсіпкерлік нысан жанынан наубайхана мен жартылай фабрикатталған өнім дайындайтын цех ашуды жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етпек.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале