15.05.2024, 16:45
Оқылды: 19

Бөрліде жапон сакурасы гүлдеді

Көктем мезгілінде Жапонияда сакура гүлдей бастайды. Бұл кезеңді жапон халқы «Ханами» деп атайды. Ханами – шие ағашының гүлдену уақыты. Бұл кезеңді ерекше атап өту дәстүрі XII ғасырда Танг әулетінің патша сарайында басталған болатын. Бұл уақыт аралығында жапон халқы жұмыс істемейді, жастар мен мектеп оқушылары сабаққа бармайды. Барлығы сакураның гүлдегенін бақылайды. Шие ағашының саясында демалып, табиғат құбылысына тамсанады. Сакураның гүлденгені армандар орындалатын, үміт ақталатын уақыт келді деген сенім бар.

САКУРА (1)

Сакураның гүлдеу кезеңі бір аптаға созылады. Ең бірінші болып Жапонияның оңтүстігінде отырғызылған ағаштар гүлдейді. Сондықтан да алғашқы кезеңді назардан тыс қалдырған жандар солтүстік аймаққа барып, шие ағашының қауыз жарғанын бақылай алады.

САКУРА (2)

Қазақ даласы – экотуризмнің отаны деуге болады. Біздің елде табиғаттың адам баласы тамашалауына болатын көптеген жері бар. Ал белгілі бір аймақты тартымды, эстетикалық тұрғыдан көрікті жасау үшін бүгінде ландшафтық дизайн өнері кеңінен қолданылады. Бөрлі колледжінің аумағында экзотикалық өсімдіктерді жерсіндіру, бағып- күту жұмысы жақсы жолға қойылған. Алуан өндірістік мамандық пен кәсіптер қатарында қазіргі кезде «Ландшафтық дизайн» бағыты заманауи және сұранысқа ие болып саналады. Жергілікті ағаш-тал бағында жапондық сакураның пайда болғанына бірнеше жыл болды. Алғашында ерекше күтім мен бапты қажет ететін жапондық сұлу бүгінде оқу орнына келушілерді жыл сайын жұпар иісі аңқыған нәзік гүлдерімен таң қалдырып келеді. Дәл осы сакураға байланысты туындаған көптеген аңыз-әңгімелердің сарыны да жақсылық пен жамандық, сұлулық пен мейірімділікке, өмірдің өзі – қасқағым сәт екеніне байланысты.

Ұлы достықтың нышаны іспеттес қазақ жерін жатсынбаған сакураның жанында қарағаш пен емен, ақ қайың мен шырша да бар.

Нұргүл Куатова,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале