10.09.2021, 17:36
Оқылды: 50

Бөрліде Жолдау талқыланды

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы Бөрлі ауданының актив жиынында талқыланды. Аудан әкімі Миржан Сатқанов төрағалық еткен активке сала басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

 55555

Президент атап өткендей, мақсат – айқын, індет – нық. Ал оны жүйелі іске асыруда жергілікті атқарушы биліктің алдында үлкен жауапкершілік тұр. Осы тұрғыда аудан басшылығы алдағы атқарылар жұмыстарды нақтылады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ден қойып отыр. Әсіресе тауар өндірушілер өз өнімін тікелей тұтынушыға жеткізуге мүмкіндік беруін қадап айтты. Кенді өлкеде шаруашылығын өркендеткісі келетіндердің саны артып келеді. Індет қыспаққа алған қазіргідей уақытта денсаулық сақтау саласына назар аудару ауадай қажет. Жолдауда айтылған бұл міндет үлкен жауапкершілікті жүктейді.

Бұл бағытта аудандық аурухананың жедел көмек сапасын арттыру мақсатында интенсивті терапия палаталары мен компьютерлік томография орналасқан бөлімше ашылды.Коронавирус індетімен күрес кезінде мемлекет қолдауынан бөлек, жергілікті кәсіпкерлер аудандық ауруғанаға үлкен көмек көрсетті. Бірнеше айдан бері қызыл аймақтан шыға алмай келе жатқан ауданда қазір эпид ахуал тұрақталып келеді. Бұған тұрғындардың екпе алуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар оң әсерін тигізуде. Мемлекет басшысы халқтың әл-ауқатын арттыруға арналған бірнеше бастамаларын ұсынды. Соның бірі – халықты баспанамен қамту.

Бүгінде тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың саны – 2469 адам бар. Өткен жылы "Отбасы" банкі арқылы кезекте тұрған 126 тұрғынға 9 қабатты тұрғын үй пайдалануға берген еді. Мемлекет басшысы жариялаған бастамаларға сәйкес еңбекақы төлеуді арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады. Бұл бағытта 2 мыңнан аса жалдамалы қызметкердің ақшалай табыстарының өсуіне, сондай-ақ "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналастырылған 253 жұмыссыз адамның жалақысының артуына сеп болмақ.

 

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале