Бөрлілік үздіктер марапатталды
25 Қыркүйек 2021

Бөрлілік үздіктер марапатталды

Бөрліде «Шеберлер қалашығы» этно-мәдени ұлттық шарасы өтті
25 Қыркүйек 2021

Бөрліде «Шеберлер қалашығы» этно-мәдени ұлттық шарасы өтті

Бөрлілік отбасылар марапатталды
25 Қыркүйек 2021

Бөрлілік отбасылар марапатталды

Теректі ауданында туристік жарыс өтті
25 Қыркүйек 2021

Теректі ауданында туристік жарыс өтті

«Түлкі аулау» спорттық радиопеленгациясы өз мәресіне жетті
25 Қыркүйек 2021

«Түлкі аулау» спорттық радиопеленгациясы өз мәресіне жетті

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Шаруалар өз өнімдерін егін басынан сатуға мәжбүр»
25 Қыркүйек 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Шаруалар өз өнімдерін егін басынан сатуға мәжбүр»

Соңғы жаңалықтар
4.05.2021, 20:24
Оқылды: 49
Бөрлідегі "Берекелі Рамазан керуені"

Алла Тағала қасиетті Құранның «Мәида» сүресінде: «Өздеріңді Аллаға жақындататын ізгі істерде, тақуалықта бір-біріңе жәрдемдесіңдер! Ал күнәлі істерде һәм дұшпандық жасап, шектен шығуда біріңе-бірің болыспаңдар», - десе, адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адамдардың ең қайырымдысы – өзгеге пайдасын тигізгені» деген. Мінеки «Зекет және қайырымдылық» қоры мамандары мен өңірлердегі имамдардың арқасында Рамазан айында күн сайын үздіксіз қайырымдылық іс-шаралары өтіп жатыр.

30D3C70B-67A5-4170-A4E5-AC187A5A7AF8

Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен елімізде "Берекелі рамазан керуені" марафоны бастау алды. Аталмыш марафон ауданымызда жалғасын тауып, Бөрлі аудандық мешіті мен "Берекелі жамағат" еріктілер қорының ұйымдастыруымен бүгінде ауданымыздың солтүстігінде орналасқан Бөрлі, Қанай, Пугачев, Бумакөл, Приурал, Жарсуат елді мекендеріндегі аз қамтылған, көпбалалы 30 отбасыға қайырымдылық қораптары таратылды. Қайырымдылық керуені Рамазан айының соңына дейін барлық ауылдық округтегі және Ақсай қаласындағы аз қамтылған отбасыларға жалғасын табатын болады.

Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар