5.03.2022, 18:56
Оқылды: 90

Бөрлідегі гүл мереке

Бөрлі ауданының басшысы өңір медицинасына елеулі үлес қосып, жұмыс өтілі 41 жылдан астам және осы жылдар бойы Бөрлі аудандық ауруханасында жұмыс істеп келе жатқан, учаскелік дәрігер, балалар консультациясының меңгерушісі болған, бүгінде аудандық аурухана директордың орынбасары қызметін атқарып жүрген Ғалия Хусаиноваға аудан тұрғындарының денсаулығын қорғаудағы ұзақ жылғы еңбегі үшін «Денсаулық сақтау үздігі» атағын табыстады.

0D565936-13BA-44BB-8AB4-85796D4382D3

Сонымен қатар, талапшыл, еңбекқор, үнемі шеберлігін шыңдап жүретін ізденімпаз ұстаз, шәкірттері қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен өткен пәндік олимпиадалар мен облыстық, республикалық байқауларда, білім сайыстарында үнемі жүлделі орындарды иеленіп, аудан мерейін асқақтатып жүрген Ақсай қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Шолпан Аймухамбетова, көп балалы ана, жеке кәсіпкер,  2019 жылы «Бизнес Бастау»  бағдарламасымен оқып, грант иегері атанып, құрақ көрпелер, перделер, үйге қажетті жабдықтар тігіп жүрген ісмер Замзагүл Ажикова, білім беру бағдарламаларына сәйкес әртүрлі деңгейде сабақ беруге мүмкіндік беретін білімді меңгерген, қалалық, облыстық байқауларға, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген  Ақсай қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебі директорының орынбасары Ирина Карагодина, көп балалы ана, 2020 жылы "Бизнес Бастау" бағдарламасы бойынша білім алып, грант иегері атанған, бүгінде нан өнімдерін пісіретін шығаратын шағын цех ашып, пирогтар мен тәтті кондитер өнімдерін дайындап жүрген Ольга Здобняктарды алғысхатпен марапаттады.

C004FF5C-3EFB-471A-B33C-1D3D829BD199

Және аудан әкімі Миржан Сатқанов отбасының ұйытқысы болып, білімді, тәрбиелі, салауатты ұрпақ өсірудегі еңбегі үшін балалары жетістікке жеткен аналарға да құрмет көрсетті.

Сонымен қоса, әр салада қызмет атқарып жүрген арулардың аналарын өзінің алғысхатымен марапаттады. Олардың қатарында дзюдо күресінен ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионы Гаухар Ермагамбетованың анасы Әлия Бимагамбетова, жауынгерлік самбодан Азия және Әлем чемпионаттарының қола жүлдегері Әділбек Сейсовтің анасы Альфия Сейсова және ұл-қыздары республикалық, халықаралық білім додаларында жеңімпаз атанып жүрген оқушылардың аналары бар.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале