1.09.2022, 17:30
Оқылды: 65

Бөрлілік 1200 бүлдіршін мектепке қадам басты

Бала үшін мектеп үлкен өмірге алып кірер киелі босаға болса, ата-ана үшін ол ұрпағына қатысты ең асыл арманына үміт жалғайтын қасиетті ұғым. 

301982260_3375756479416256_8156421756418066610_n

Жылдағы дәстүрге сай 1 қыркүйек – Білім күнінде Бөрлі ауданындағы барлық мектептерде салтанатты жиындар өтіп, алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы басталар айтулы күнде қаладағы №4 ЖОББ мектебіндегі салтанатты шараға аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов арнайы қатысып, оқушыларға, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге алдағы уақытты жақсы білім мен тәрбие алуға, еліміздің үлгілі азаматтары болып қалыптасуына тілектестік білдірді. Сондай-ақ қаламыздағы №6 мектеп-лицейіндегі салтанатты жиынға да аудандық мәслихат хатшысы Қайрат Ермекбаев қатысып, оқушылар мен мұғалімдер қауымын мерекемен құттықтады.

302149345_778190246847836_8163993923743593114_n

Жаңа оқу жылындағы құттықтаулардан кейін егемен елдің болашақ ұрпақтары, мектепке енді ғана қадам басқан 1-сынып оқушылары жалықпай білім іздейтіндіктерін білдіріп, өлең шумақтарын жолдады.

302094908_3375756676082903_622776300209263727_n

Айта кетейік, биыл Бөрлі ауданындағы 25 білім ошағына арман мен үмітті сөмкемен бірге арқалай келген 1200 бүлдіршін партаға отырды. Жалпы оқушылар саны аудан мектептері бойынша 9500-ді құраса, оларға 1146 педагог дәріс бермек.

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале