11.04.2022, 18:00
Оқылды: 82

Бөрлілік ардагерлер шипажайдан оралды

Бөрлі аудандық әкімдігі мен КПО б.в. компаниясы әркез ардагерлерді сауықтыру мақсатында қолдау көрсетуге да­йын. Олай дейтініміз күні кеше ғана аудандағы бір топ ардагерлерді «Ақжайық» шипажайына арнайы жолдамамен демалысқа жіберген болатын. Мұндағы шипажайда ардагерлер денсаулығын диагностикалық тексеруден өткізіп, еміне шипа тапты.

ардагер

Талай жыл бейнет пен қиын­шылық көрген ардагерлер шипажайда ұсынылған қызмет түрлеріне дән риза.

Өз ризашылықтарын білдірген ардагер аталар мен ақ жаулықты әжелер бірінен соң бірі алған әсерлерімен бөлісті.

Есенғұл Көшекбаев, еңбек ардагері:

- Ақжайықтағы демалыс барысында бірнеше ардагерге ем-дом жүргізілді. Медицина қызметкерлерінің тағайындаған еміне жоғары баға бе­реміз. Адамның жасы ұлғайған сайын денсаулықтың сыр бере бастайтыны бар ғой. Мен бұл шипажайға осыдан үш жыл бұрын келген едім. Замандас қатарластарыммен бірге келіп, бой сергіп, ой сергіп қалды. Демалыс барысында арнайы массаж қызметі де қарастырылған. Ауасы жағымды. Тамағы дәмді. Барлық ардагерлерге осындай қолдау көрсеткен аудандық ардагерлер бөліміне, әкімдіктегі азамат, азаматшаларға, КПО бв компаниясына шексіз алғыс айтамын.

Ардагерр

Аниса Куянова, член народного хора ветеранов труда:

- Мы, супруги Куяновы, по направлению акимата Бурлинского района побыли в санатории «Акжайык» с 23 марта по 1 апреля. Деньги на путёвки выделил КПО б.в.. Мы первый раз ездили по бесплатной для нас, пенсионеров, путёвке. Очень благодарны нашему спонсору КПО б.в., Совету ветеранов в лице его председателя Мурзагалиева С.Х., акимату, лично акиму нашего района Сатканову М.М, народному хору ветеранов труда, руководителю хора Мирошниченко А.Г. и всем пенсионерам, которые отдыхали с нами вместе за их позитив, за взаимопонимание, за шутки и смех.  Мы, находясь в санатории, получили полноценное лечение (каждый день ванны с минеральной водой, питье воды в течение дня, грязи и парафин через день, массаж, физиопроцедуры, оздоровительная гимнастика и многое другое). В спортзале работает очень хороший тренер, отличный специалист, который к каждому человеку подходит индивидуально, рекомендует упражнения, подходящие только ему. Весь персонал санатория очень вежлив, внимателен. Врач с большим опытом работы, при необходимости посещает больного в номере, в течение суток находится при санатории и по первому вызову идёт к больному.Особо хочется отметить работу администратора санатория Кырмызы (к сожалению, я не знаю её фамилии), которая очень тактично подходит к каждому пациенту. Спасибо работникам столовой за вкусную еду, за чистоту, за доброту, за вежливость! Всему коллективу наши искренние благодарности, низкий им поклон. Желаем всем крепкого здоровья, удачи, добра, благополучия, благосостояния! Мы, надеюсь, что все, кто там отдыхал, долго будем помнить дни пребывания в нашем областном санатории.Всем, кто принял активное участие, в организации нашей поездки и отдыха, мы желаем успехов, удачи, крепкого здоровья!

ардаггер

Нұрия Ғайнеденқызы, «Ақ жаулықты әжелер» ансамблінің жетекшісі:

- Барлық «Ақ жаулықты әжелер» атынан ұйымдастырушыларға зор алғысымды білдіремін. Керемет демалыс болды. Адам егде тарта келе бала көңіл болады деген рас екен. Осы шипажайға жолдама бергенде біз әжелер қауымы балаша қуандық. Биыл біздің ансамбльдің құрылғанына 20 жыл толған еді. Соның қарсаңында бізге өте керемет сыйлық, жоғары құрмет болды. Біз солай қабылдадық. Түрлі ем-шаралар қабылдап, басқа да жан-жақтан келген замандастарымызбен араласып, сол жерде концерт қойып, арқа-жарқа болдық. Емдік шаралардан бөлек спорттық ойындар, би кеші т.б ұнағаны соншалық, айтып жеткізе алмаймыз енді...

Үлкенге құрмет көрсеткен ауданымыздың басшылығына, демеуші болып отырған компанияға да алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Иә, кезінде аудан өркендеуіне әр салада қызмет етіп, үлес қосқан ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға қандай құрмет көрсетілсе де жарасады. Алдағы уақытта да мұндай ізгі іс-шара­лар жалғасын таба беретініне біз де сенімдіміз.

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале