30.12.2021, 23:33
Оқылды: 82

Бөрлілік балалардың армандары орындалды

Санаулы күндерден кейін жаңа жыл есігімізді қағады. Жаңа жылдағы ерекше салтанатты сағынған балалар осы мерекені асыға күтетіні рас. Мерекелік кеш жақындаған сайын ән айтып, тақпақтарын жаттап, Аяз атаны қарсы алуға қызу дайындалады. Тіпті арман-тілектерін айтып хат та жазады.

61EDE40F-FA28-4984-9A62-119665C57F60

Мереке қарсаңында Ақсай қаласындағы «Volunteеrs Aksay» волонтерлер корпусының бастамасымен 40-тан аса бала арман-тілектерін айтып, армандар шыршасына Аяз атаға хат жазып, қалдырған.

Аяз атаны мейірімді, қайырымды, тіпті кейбірі сиқыршыдай көретін балалардың арман-тілектері де сан түрлі екен. Балалар Аяз атаға өтініш еткен сыйлықтар қатарында кітаптар жиынтығы, оқу құралдары мен жылы киімдер т.б. бар. Ал кейбіреулері отбасының, туыстарының амандығын сұрапты.

44F5EC5C-7DAD-4B25-8419-0B068AC15E7F

Жалпы ауданда балаларды, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған көпбалалы отбасылардың балаларын қолдау бағытында бірқатар шаралар атқарылып келеді. Бұл ретте көптеген кәсіпкерлер де қолдау жасап, аянып қалып жатқан жоқ.

Соның бір дәлелі, бүгін Бөрлілік балақайлардың бірқатары Аяз атаға жазған хаттарындағы тілеген армандары орындалып, сыйлықтарын қолдарына алды. Балаларды қуантуда «Кпo бв.» компаниясы мен кәсіпкер азаматтар (аттарын атамауды өтінді) демеушілік жасады.

Тілектері орындалған бүлдіршіндердің қуаныштарында шек жоқ.

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале