9.05.2022, 14:13
Оқылды: 258

Бөрлілік екі отбасы баспаналы болды

Жеңіс күні Бөрлі ауданында республикалық «Харекет» қоры екі отбасын бірдей қуантты. Мұқтаж жандарға қол созып, баспаналы болуға жәрдем беруді мұрат тұтқан қор жалғызбасты, 6 қыздың анасы Бибінұр Ондабаеваға  Ақсай қаласынан қордың 627-ші, 7 баланың анасы Жанар Аяповаға Пугачев ауылынан қордың 628-ші үйдің кілтін табыстады.

D22D8596-3186-4E1F-A6E1-7C49CA1074A0

«1000 теңгеге» баспана қайырымдылық акциясымен барлық қазақстандықтарды мұқтаж жандарға көмекке қолұшын созуға үндеп келген «Харекет» қайырымдылық қоры бұған дейін пәтердің кілтін табыс еткен болатын.

Баспана табыстау барысында сөз алған Пугачев ауылдық округінің әкімі Мереке Ізтілеуов, “Харекет” қайырымдылық қорының өңірдегі өкілі  Демежан Меңдешев, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Руслан Азаматовтар сөз алып, баспана алуға көмек көрсеткен барлық жанашыр жандарға алғысын айтты. Әрі аудан тұрғындарын бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұдырықтай жұмылып, қайырымдылық қорының жұмысына атсалысуға шақырды.

D55FEAFA-0BCC-4617-9AB1-3149FD580D16

Айта кетейік, республикалық «Харекет» қайырымдылық қоры 2017 жылы құрылған. Қысқа уақыт ішінде қордың мүшелері мұқтаж жандарға көмек қолын созып, баспаналы болуға жәрдемдесіп келеді. Ал 2019 жылы үш балалы жалғызбасты әкеге Қызылтал ауылынан баспана сыйлаған еді. Қос ана да бүгінгі Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай баспаналы болып, балаларының несібесі кеңейіп жатқанына қуанышты екенін айтып, жалпақ жұртқа аналық алғыстарын жаудырды.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале