21.10.2021, 19:50
Оқылды: 68

Бөрлілік іскер әйелдер кеңесінің мүшелері қариялармен жүздесті

Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылындағы қамқорсыз жандардың басын қосқан көпшілік «Қарттар үйі» деп атайтын әлеуметтік шаңырақта аудандық іскер әйелдер кеңесінің мүшелері қарттармен жүздесті.

032e7ae3-4e29-41a7-9ed7-1a15bc37c5be

Қайырымдылық аясында ұйымдастырылған жүздесуде аталған кеңес мүшелері Ақзия Бүргебаева, Айгүл Иргалиева және Любовь Аминовалар қамкөңіл қарияларға дастархан жайып, аудандағы өнер мектебінің өнерпаздары кішігірім концерт ұйымдастырды.

«Қашанда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін елміз ғой, біздер, бүгінгі күні ғана емес, барлық уақытта да үлкендерімізді өнеге тұтып, тәжірибе алатын, жеткен жетістіктерімізді мақтан тұтатын, өмірдің бар қиындықтарын қайыспай жеңе білген аға ұрпақтарымызға бас июге тиіспіз. Біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз. Құрметтейміз. Бастысы дендеріңіз сау болып, ұзақ жасаңыздар» деп тілектерін білдірген кеңес мүшелері қарттарға кітаптар мен тоқымаға арналған түрлі түсті жіптер үлестірді.

c8d7e533-dd4d-4de3-ab24-9ae02d471f86

Риза болған қарттар да өз кезегінде ақжарма алғыстарын жаудырып, бата берді.

«Жасым 87-де, есімім Жанзия»,- деп таныстырған кейуана бұл орталықты мекен еткеніне биыл 10 жыл толыпты.

Ол балалардың өнеріне риза болып, ұйымдастырушыларға да өз алғысын білдірді.

«Көңіліміз сондай көтеріліп қалды, өркендерің өссін» деп бата берген Жанзия әже, «кезінде «Әжелер ансамблінде ән айтқанмын»,- деп, өзі де сол отырыста ән салды.

ЖЕНН

Айта кетейік, іскер әйелдер кеңесі әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға қолдау білдіріп қана қоймай, әлеуметтік қызметті де белсенді атқарады. Кеңестің жұмысы басталғалы бері көптеген шаралар ұйымдастырып, аудандағы іскер әйелдер кәсіпкерлігінің жандануына қолдау көрсеткен.

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале