25.09.2021, 23:33
Оқылды: 104

Бөрлілік үздіктер марапатталды

Қала күні өз деңгейінде жалғасын табуда. Осы ретте Ақсай қаласының өсіп-өркендеуінде, қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуде алдыңғы қатарда жүрген ұжымдар Ақсай қаласының әкімі Арсен Баяндықовтың алғысхатымен марапатталды.

42514508-0A62-4744-9C50-99B7D42A3D41

«Үздік Пәтерлер Иегерлері Кооперативі» және "Үздік төрайым" номинациясымен «Береке» ПИК-нің төрайымы Утешова Эльмира, «Үздік мердігер» номинациясымен Қасенов Қайрулла, өз қаласына патриоттық сүйіспеншілік пен ыстық сезім танытқаны үшін «Қаладағы сүйікті орыным» және «Үздік көше» номинациясымен Избасов Сағынғали, «Үздік халыққа қызмет көрсету нысаны» номинациясымен «Додо пицца» тез тамақтану мейрамханасы, «Үздік аула» номинациясымен 5-шағынаудандағы 14-үй тұрғындары марапатталды.

08AD950A-0B32-4BFB-A755-BDCDC2970E2D

- Тазалық алдымен өзімізден, өзіміз отырған жерді күтіп, таза ұстаудан басталады. Осылайша біз көпке үлгі болып, қаламыздың бұдан да әрі гүлденуіне үлес қоса аламыз, - деді өз сөзінде шаhар басшысы Арсен Толқынұлы.

Сәнім Меңдібай

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале