24.12.2021, 12:30
Оқылды: 97

Бөрлінің балалар-жасөспірімдер спорты республикада үздік атанды

2021 жыл Бөрлі спорты үшін табысты жыл болды. Қоржынымыз жыл бойы чемпиондарымыздың арқасында алтын мен күміске, қала берді қолаға толса, кеше ғана  паратаеквандодан Мәлік Мұқашевтың Әлем чемпионы атанғаны тағы бар.

30

Бұл жеңіс осы спортшылар мен олардың жаттықтырушылардың еңбегінің жемісі.

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақ Спорт және Туризм академиясының “Жыл үздігі - 2021” республикалық байқауы өтті.

32

Аталған шарада Бөрлі ауданының Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, (бұдан әрі БЖСМ) облыс және қазақ спортының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін “Үздік аудандық спорт мектебі - 2021” номинациясын иемденді. Аталым “Тәуелсіздікке қосқан үлесі үшін” медалімен бірге Бөрлі ауданының БЖСМ директоры Есенаман Стамғазиевке табыс етілді.

Айта кетейік бүгінде БЖСМ де 21 спорттық үйірме, 1500-ге тарта болашақ спортшылар үшін жұмыс істеп тұр.

Жеңісі мен жемісі үйлесім тапқан Бөрлі спортының әлі де талай биік мінбелерде аты аталатынына сенімдіміз!

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале