15.10.2022, 12:49
Оқылды: 7

"Boston Market" есігін айқара ашты

Казталов ауданында кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Салаға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау да аз емес. Әйтсе де, адал еңбек пен нәпақасын тауып, ойға алған ісін өз қаражатына жүзеге асырып жатқан жандар қатары да қалың. Олардың қатарында Мейірбек Есенгелдіұлы да бар.

20221014064830_IMG_7576 (1)

Бостандық ауылының перзенті 14 қазан күні туған ауылында «BOSTON market» шағын маркетін ашты. Кәсіпкерлік нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызы қатысып, халықты қуанышымен құттықтап, кәсіпкерге аудан әкімінің алғысхатын табыс етті. Сонымен қатар ауылдық ардагерлер кеңесі, аналар кеңесінің төрағалары мен төрайымдары да халық атынан ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

20221014062553_IMG_7528 (1)

-  Жалпы кешеннің құрылысын 2020 жылы бастаған болатынбыз. Кейін коронавирус індеті мен құрылыс материалдарының қымбатшылығы салдарынан құрылыс жұмысы тұралап қалды. Биыл құрылысты қайта жандандырып, шағын маркетті ашып отырмыз. Алдағы уақытта халықты жергілікті өніммен қамтамасыз ету үшін наубайхана және тойхана, асхана желілері мен қонақүй құрылысын аяқтаймыз. Бұл кәсіп түрі маған таңсық емес. Өйткені 2017 жылға дейін де ауылда шағын дүкен ашып, еліміздің бас қаласы Астанада кәсібімді жалғастырдым. Қазіргі таңда ауылға қайтып, атакәсіппен қатар жеке кәсібімді де жандандырып жатырмын, - дейді кәсіпкер.

20221014063954_IMG_7549 (1)

Шағын маркетте азық-түлік тауарларымен қоса тұрмыстық, шаруашылық тауарлары да бар. Халық та ауылда заманауи кәсіпкерлік нысан ашылғанына қуанышты.

20221014065542_IMG_7579

20221014064259_IMG_7564

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале