25.11.2019, 19:13
Оқылды: 88

Бударинде жаңа спорт алаңы ашылды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бұқаралық спортты дамыту бағдарламасына сай Ақжайық ауданының Бударин ауылында көлемі спорт алаңын "ОралСтройТехСнаб" ЖШС-ның қызметкерлері сәтті мәреледі.

Aqjaiyq sport (2)

Аудандағы көлемі үлкен алаңдардың бірі болып табылатын мұнда шағын футбол, волейбол, баскетболмен айналысуға толық мүмкіндік бар. Нысанға аудан қазынасынан 7 млн. 896 мың теңге жұмсалды.

Осы күнге орай өткен салтанатқа жиналғандарды аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов құттықтады.

- Біраздан бері жоспарланған нысан міне, игіліміз үшін бой көтерді. 2016-2018 жылдары ауданда осындай 10 спорт алаңы ашылса, биыл тағы 7-еуі пайдалануға берілді. Мұндай ауқымды істер әлі де жалғаса береді. Енді мұндай шағын алаңдарды ауылдарға салуды біртіндеп қолға аламыз. Құрылысты уақтылы аяқтаған мердігерге, іске атсалысқан азаматтарға алғысымыз шексіз, - деді ол.

Aqjaiyq sport (1)

Шарада ардагер-ұстаз Хамид Сақауов ауыл тұрғындары атынан алғыс білдірсе, ауылдық округ әкімі Шоқан Мұсағалиев алаңның құрылысына араласып, қызмет атқарған жергілікті азаматтар Артур Есентаев пен Азамат Нарынбаевқа алғыс хат табыстады. Ауыл спортшыларына кәсіпкерлер Әсет Аманғалиев, Анна Белугина, Владимир Искалиев, Мират Мендығалиев, Амантай Сапаров демеушілік көрсетіп, доп және қаржылай сый тарту етті.

Aqjaiyq sport (4)

Спорттық алаңның лентасын Қ.Ш.Айтмұхамбетов пен Х.Сақауов қиды. Алаңның ашылу орай аудан ауылдары және көршілес Бәйтерек ауданының Янайкин ауылдық округінің командаларының арасында шағын футболдан жолдастық кездесу өтті.

Aqjaiyq sport (5)

Әлия Шарапиева

суреттерді түсірген Нұрбек Ихсан

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале