Бүгін бұландықтар ерте тұрды. Ауыл халқы былайғы уақытта та таңмен тірлікке кіріседі. Малын өріске жібереді, далаға жұмысқа кетеді.
Бірақ, бүгін ертерек тұруларына тағы бір себеп бар.
18 мамыр — ауылдық округ әкімін сайлау күні.
Орталықта орналасқан №294 учаске сағат 07:00 - де дауыс қабылдауға дайын тұрды. Науқанның ҚР Мемлекеттік Гимнімен басталуы ауылдағы сайлаудың саяси салмағын ұғындырғандай.
Қазір жәшікке алғашқы бюлетеньдер түсе бастады. Бірінші болып ауыл тұрғыны Батыр Өтешев дауыс берді.
Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы