23.07.2021, 10:52
Оқылды: 37

Бұландықтар үміткерлермен жүздесті

Сырым ауданының Бұлан ауылдық округі әкімінің лауазымына сайлауға түсетін үміткерлер тұрғындармен жүздесті. Кеңеске төрағалық еткен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Өтеген Уашев Президент жарлығына сай, ерекше форматта өткелі отырған ауылдық округ әкімдері халықтың таңдауымен сайланатындығын айтты.

syrym (2)

Қос кандидат Мұрат Әділгереев пен Руслан Тасқалиев тұрғындарды өмірбаяндары және сайлауалды бағдарламаларының барысымен таныстырса, сенімді өкілдер де халыққа үміткерлердің бағдарламасын тағы бір мәрте нақтылай түсті.

Айта кетейік, үміткерлерлердің сайлауалды бағдарламалары аудан айнасы "Сырым елі" қоғамдық-саяси газетінде жарияланды.

 "Ауыл" партиясы атынан ұсынылған кандидат Мұрат Әділгереев сайлауалды бағдарламасында кәсіпкерлік саласының дамуына ауыл
кәсіпкерлерінің жаңа нысандар ашып, жүзеге асуына ықпал етіп, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жұмыссыздық деңгейін
төмендетуге күш салатындығын, ауыл шаруашылығы саласын дамыту, ауылдық округтің инфрақұрылымын одан әрі жақсартуға, елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың округте нәтижелі жүргізілуіне атсалысып, салауатты өмір салтын қалыптастыру және балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Бұлан, Жамбыл
ауылдарында спорт және балалар ойын алаңын жаңғыртуға күш салатындығы айтылды.

syrym (1)

Ал "Қазақстанның Халық Партиясының" ұсынған кандидаты Руслан Тасқалиев әкімнің округті дамытуға қатысты негізгі міндеттеріне қоса, интернет желісінің қолжетімділігін қолға алып, халыққа тиесілі жерді пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететіндігін, жағдайы төмен отбасыларды қолдау, ауыз су мәселесін шешу, адамдар қызығушылығына сәйкес
мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру сияқты бірқатар жұмыстарды қолға алатындығын айтты.

Кандидаттармен кездесуге Бұлан ауылдық округінің активі, ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес мүшелері мен тұрғындар қатысты. Олар әкімдікке ниетті азаматтарға сұрақ қойып, бағдарламаларын жаңа ұсыныстармен толықтырып, сәттілік тіледі. Тұрғындар ауыз су, жол мәселесіне аса ден қойылып, бағдарламалардың бос сөз болмауы керектігін де тілге тиек етті.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале