29.10.2022, 15:11
Оқылды: 8

Бүлдіршіндердің туған жерге тартуы

Бүгін Жәнібек аудандық мәдениет үйінде Балалар жылы мен ауданымыздың жүз жылдық мерейтойына орай «Туған жер - алтын мекенім! Тарихта қалсын есімің!» атты патриоттық кеш өтті. 

IMG-20221029-WA0017

Шараға «Жәнібек», «Алтын ұя», «Балдәурен», «Ақбота», «Балауса», «Балбұлақ», «Қайрат» бөбекжайлар, «М.Ықсанов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені, «Ғ.Сарбаев атындағы балабақша» кешені, Тегісшіл орта мектебінің «Еркемай» шағын орталығының тәрбиеленушілері қатысты.

IMG-20221029-WA0014

Кеш аудандық мәдениет үйінің фойесінен бастау алды. Онда балабақша бүлдіршіндерінің фотосуреттері, тәрбиешілерімен бірге жасаған қолөнер бұйымдары, сонымен қатар шығармашылық топтың атқарған іс-шараларынан фотоүзінділер көрмеге қойылып, келушілерге таныстырылды.

Мерекелік концертті «Балдәурен» балабақшасының тәрбиеленушілері хормен әсем ән шырқап, ашып берді. Әсем Ғайнуллина «Көңілді күн» әнін орындап, бүлдіршіндерге қолдау көрсетті.

IMG-20221029-WA0016

Өз кезегінде кешке қатысушы тәрбиеленушілер туған жер, Отан туралы өлеңдерін мәнерлеп оқып, ата-аналарды тәтті қылықтарымен таң қалдырды. «Жәнібек» бөбекжайының бүлдіршіндерінен құралған ансамбль ән шырқап, туған жерге деген сүйіспеншілігін әнмен жеткізе білді.

IMG-20221029-WA0015

«Алтын ұя» бөбекжайының кішкентайлары жетекшісі Толқын Набиевамен бірге жетіген аспабында ойнап, ән салып берді. Мың бұралған "балдәурендік" биші бүлдіршіндер де өз өнерлерін ортаға салды.

IMG-20221029-WA0018

Шара барысында бөбекжай тәрбиешілері сергіту сәтін ұйымдастырып, би биледі.

Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығына байланысты келе алмаған ауылдық жерлердегі бөбекжай бүлдіршіндерінің мәнерлеп оқыған өлең шумақтары LED-экран арқылы көрсетілді.

Кеш соңында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина аудандық білім беру бөлімінің алғысхатымен шараға белсене қатысқан бүлдіршіндерді марапаттады. Сонымен қатар «Балдәурен» бөбекжайының жетекшісі Шалқу Байғазиева мен Мейрамгүл Дәулетқалиева, «Алтын ұя» бөбекжайының жетекшісі Толқын Нәбиева, «Жәнібек» бөбекжайының жетекшісі Ақбаян Кариналар аудандық білім беру бөлмінің алғысхатына ие болды.

IMG-20221029-WA0012

Сонымен қатар шараның өтуіне өз қолдауын білдіріп, демеушілік танытып жатқан ата-аналар бүлдіршіндерге сыйлықтарын табыс етті.

Бақытжан Маратұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале