14.02.2023, 21:42
Оқылды: 59

Бұлдыртыда қол күресінен облыстық чемпионат

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2022 жылдың желтоқсан айында су жаңа нысан Бұлдырты ауылында қолданысқа берілген болатын. Бүгін Бұлдырты ауылында қол күресінен 2005-2007 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионатының ашылу салтанаты өтті.
image-14-02-23-08-19-11
Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының “Құрметті спорт қызметкері”, Батыс Қазақстан облысы қол күресі федерациясының Құрметті Президенті, аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев қатысып, қонақтар мен армспортшыларға “қош келдіңіз” айтып, сәттілік тіледі. Сырым ауданы әкімдігі атынан Артур Мұратұлы ардагер спортшы Алдан Қазиханұлы мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, қол күресінен аға жаттықтырушысы Мұрат Ибатовқа құрмет көрсетіп, иықтарына шапан жапты.
image-14-02-23-08-19-1
Батыс Қазақстан облысының гір спорты және және қол күресі федерациясының президенті Мұрат Қолғанатұлы бұлдыртылық чемпиондарды марапаттады. Атап айтсақ,  қол күресінен әлем чемпионы Гаухар Рустамоваға, әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионы Дильназ Абунағымоваға федерация атынан “Спорт шебері” төсбелгісін табыс етсе, қол күресінен әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Рүстем Жәдігерге федерация президенті Мұрат Ибатов өз атынан қаржылай сыйлық табыстады.
image-14-02-23-08-19-3
Одан бөлек, облыстық гір спорты және және қол күресі федерациясы атынан осы салаға еңбегі сіңген бірқатар азаматтар алғыс хат және естелік сыйлыққа ие болды.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале