26.01.2017, 16:32
Оқылды: 60

Бумакөл ауылында электр желісі толықтай тозығы жеткен

Borli Akim esep 02  Бұл жайлы аталған ауыл тұрғындарымен Бөрлі ауданының әкімі Алдияр Халеловтің кездесуінде айтылды. 

  Бумакөл ауылдық округінің тұрғындары әкімдері Жанар Жұмашеваның жұмысына алғысын төкті. Ауыл тынысын баяндап өткен Жанар Сәбитқызы ауылдағы электр желісінің 100 пайыз тозығы жеткендігін айтты. Сол себепті жел не боранның салдарынан ауылда жарықтың болмауы  қалыпты жағдайға айналған.


  Округке қарасты Облав елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету, Бумакөл мәдениет үйінің жылыту ошағын бөлек орнату сынды мәселелер де күн тәртібінде тұр. Бұдан өзге жиында тұрғындар жас туристтер станциясы мекемесіне асхананың қажеттілігі, жас мамандарды баспанамен қамту, ауылға мешіт керек екендігі, ауылдық әкімдіктің балансында тұрған техникалық суды өзге  мекеменың балансына беруді,  ауылда жедел жәрдем көлігінің жоқтығын, көгілдір отынмен қамтамасыз етіп отырған мекеме көп жылдардан бері тиісті тексерістер жүргізбей келе жатқандығын және ауылдағы газ құбырлары сырланбай келе жатқандығын айтып өтті. Алдияр Сансызбайұлы тұрғын үйлерге тиісті техникалық тексерістер жүргізбей жүрген жауапты мекеме басшыларымен өзі сөйлесіп, жауабын беруді уәде беріп, аталған мәселе өз бақылауында болатына уәде берді.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале