21.12.2021, 11:40
Оқылды: 52

Бұралқы ит пен қаңғыған мал мәселесі қаралды

Бәйтерек ауданы Приурал аймақтық ішкі істер бөлімінің қолдауымен Дариян ауылдық қоғамдық кеңесінің ұйымдастыруымен ауылда қаңғыбас иттер мәселесін талқылаған басқосу өтті.

IMG-20211220-WA0169

Елді алаңдатқан жиынға аудан прокуратурасының аға прокуроры Досбол Жұманов, Дариян ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұрлан Әжиев, қоғамдық  кеңес төрағасы Ұзақбай Ғабдуллин, Бәйтерек аудандық МӘСК бөлімінің басшысыь Альфия Хасенова, «Январцев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің» директоры Талғат Ильясов қатысты.

Жиынды ашып жүргізген Приурал аймақтық полиция бөлімінің басшысы, подполковник Арман Бәйтенов қаңғыбас иттерден алған жарақаттар фактісі бойынша жүгінген тұрғындардың статистикасы жайында баяндай келе, бұралқы  иттерден келетін қауіп, олардың көшелерде жүруі балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіні туралы айтты.

Сондай-ақ жиында сөз алған аудандық МӘСК бөлімінің басшысы Альфия Хасенова бұралқы иттердің кесірінен азаматтар мен соның ішінде балалардың алған жарақаттарының саны артқаны мен олардың  келтірілген шығындары жөнінде тереңірек тоқталды.

Басқосу барысында Дариян ауылдық округі әкімінің орынбасары  Нұрлан Әжиев аталған мәселе күн тәртібінде тұрғанын алға тартып, жауапты мекемелер мен округ әкімдігі бірлессе жұмыстанған жағдайда ғана кқше кезген иттердің санын азайтуға болатынын жеткізді. Сонымен қатар ол аталған мәселені шешу жайында қойылған сауалдарға да жауап берді.

Жиын соңында Арман Бәйтенов бағымсыз жүретін мал мәселесін де  назардан тыс қалдыруға болмайтынын айтып, ауылдың бас ауруына айналған жайтты шешудің бірден-бір жолы үй жануарлары иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту екенін тілге тиек етті.

Жиынға қатысушылар мұндай шешімді бірауыздан қолдап, келер жылы да бұл өзекті мәселенің шешімі табылатынына сенім білдірді.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале