26.07.2021, 22:59
Оқылды: 49

Бұралқы иттің барынан жоғы жақсы емес пе?!

Көше  кезіп,  мал-жанға  қауіп  төндіретін  «алыпсоқтарды»  атып-аулауға  тыйым  салынғалы  тұрғындардың  өкінішті  күйде  таңданып,  бас  шайқағанына  талай  куә  болып  жүрміз.  «Мұндай  бұралқылардың  барынан  жоғы  жақсы  емес  пе?!»  дейді  жұртымыз.

ит

Көптеген елде, бізде де «ит-мысыққа гуманизммен қарау керек» деп жар салатындар аз емес. Дұрыс-ау, өкінішке қарай, басқа қайғысы бастан асып жатқан, яғни әнеу бір елдердегі жанжал, сойқандықтардан қырылып, босқындары шұбырған, миллиондаған адамы аштықтың зардабын тартқан адамзат сондай ізгіліктің дәрежесіне жеткен емес, таяу арада жетпейді де. Ал бізде асыл тұқымды иттерді жөнімен асырапағуы алысқа естіліп жүрген азаматтарымызға сөзім жоқ, «адамның досын» ұстауды білмей, тіпті үйінде ит бар екенін тарс ұмытатындар аттаған сайын ұшырасады. Сондықтан ғой бұралқылардың есепсіз көбейгені, орақ тісті нағыз жыртқышқа айналғаны. Бүгінде бұларды кестіріп, алған жеріне қайта апарып тастау мәселені шеше ме? «Әй, қайдам, бұл амал мәселенің шешімі бола қоймас. Питомниктерде орын жетіспейтіні де естілуде ғой», – дейді біз әңгімелескен тұрғындар. Осындай пікірлерден қандай ой түйіп, қандай қорытынды шығаруға болады? Айталық, біріншіден, қайғылы мысал: осы биылиттер талап өлтірген (Қарағанды облысында) қыз баланың ата-анасының орнына өзімізді қойып көрсек, сонда бәрі түсінікті емес пе?!

Бұқаралық ақпарат құралдарында да мәселе ұғынықты көтеріліп жүр. Мысалы, «Орал өңірі» газетіндегі «Итпен қашанғы ит боламыз?» атты мақала («Оө», №28, 09.04.2021 ж.) көпшіліктің ойын дөп басқаны сөзсіз-ақ. Тағы осы «Орал өңірінде», «Орал қаласы әкімінің назарына!» деген айдармен «Ойын алаңы – ортақ арманы» атты мақалада («Оө», №50. 22.06.2021 ж.) облыс орталығындағы Деркөл кенттік округінде көше кезген иттер өріп жүргені баяндалған. Мұндай мысалды талай жерден табуға болады.

Мақаланың толық нұсқасын облыстық «Орал өңірі» газетінің 27 шілдедегі  №60 санынан оқи аласыздар.

Болат  Қосжанұлы,

Чапаев  ауылы,

Ақжайық  ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале