28.11.2023, 17:57
Оқылды: 11

Бюджетке өзгерістер енгізіле ме?

Жаңақала ауданында мәслихаттың кезекті сессиясы өтті.

image-28-11-23-05-48

Бүгін Ерлан Қажиевтің қатысуымен аудандық мәслихаттың кезекті ХІІ сессиясы өтті.

Сессия отырысының модераторы аудандық мәслихат төрағасы Қамбар Қаменов күн тәртібіндегі ауылдық округтердің 2023-2025 жылдарға арналған бюджетінің шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде хабарлады.

Жиынға округ әкімдері, мекеме басшылары мен аудандық 11 мәслихат депутатының 10-ы қатынасты.

Аталмыш шарада Жаңажол, Мәстексай, Жаңақазан ауылдық округінің әкімдері ауа-райының қолайсыздығы салдарынан ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн баяндамаларын жасады.

Ауыл басшыларының берген ақпараттарына сүйенсек, аудан бойынша жалпы кіріс мөлшері 422 188 мың теңге болса, шығын сомасы 434 114 мың теңге. Ал бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдық сомасы 9 226 мың теңген.
Сессия отырысы баяндамашылардың және аудандық мәслихат депутаттарының өзара сұрақ-жауап, пікір алмасуларымен қорытындыланды.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале