1991 жылғы түлектер тарту жасады
15 Қазан 2021

1991 жылғы түлектер тарту жасады

Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма?
15 Қазан 2021

Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма?

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті
15 Қазан 2021

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті

Өнер фестивалі өтті
15 Қазан 2021

Өнер фестивалі өтті

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті
15 Қазан 2021

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті

Тоқаев 2022 жылды ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы деп жариялады
15 Қазан 2021

Тоқаев 2022 жылды ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы деп жариялады

14.09.2021, 11:56
Оқылды: 26
Чемпион тәрбиелейміз десек...

«Спорт пен ұлт - егіз ұғым», яки «Бұқаралық спортты дамытамыз» деп ұрандаудан жалығар емеспіз. Расымен, елімізде 2020 жылға дейін халықтың 30 пайызын бұқаралық спортқа тарту межесі қойылғандығын баршамыз білеміз. Межені бағындырдық па? Әңгіме онда емес. Әңгіме межені бағындыру барысында нендей жұмыстар жасалды, не болмаса жұмыстардан кейін нәтиже қандай? Ауылдық жерде спортшыларымыздың өзіне қандай жағдайлар жасалуда? Болашағымыз – балаларға жеткілікті деңгейде көңіл бөліп жатырмыз ба? Міне, бүгін осы сұрақтарға жауап іздеп көреміз.

7c2eda04-5243-4f33-b7e7-cb85175fe953

Алысқа бармай-ақ, Теректі ауданындағы жағдайға тоқталайықшы. Ауданымыздағы барлық ауылдық округтердің орталықтарында спорттық алаңдар бар. Яғни,  100 пайыз көрсеткіш. Бөркімізді аспанға атып қуануға болады ма? Әлі ерте. Спорттық алаңдарды салу бір бөлек, оның иесіз қалмауын қадағалау мәселесі тағы бар. Себебі, күні кеше өткен «Ақ бидай» VII облыстық ауыл спорты ойындарында Теректі ауданы жалпыкомандалық есепте соңғы орында қалды. Аудандағы спорттың ахуалын, міне, осы нәтиже айқындап тұрғандай.

Ия, ауданымызда  спорттық алаңдардан бөлек, Федоров ауылында және Подстепный ауылында дене шынықтыру кешені бар. Мақаланы дайындау барысында осы кешеннің басшысымен жолығуды қалап, талай кабинеттен өткен біз Достық үйінің директорынан бір шықтық. Достық үйі мен спорттық нысанды не байланыстырады? Анықтасақ, дене шынықтыру кешені Достық үйінің қарауында екен. Ол жөнінде бізге аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Лунара Сердалиева мәлімдеді.

27bc9b8f-c6cf-4139-b7dd-979d973609bf

- Ауданда негізінен екі спорт клубы болды. Нендей жағдайлар орын алғандығын білмеймін, екеуі де жабылған. Дене шынықтыру кешенін балалар-жасөспірімдер мектебіне қосқан. Алайда, заңға сүйенсек балалар-жасөспірімдер мектебі бұқаралық спортты дамытудың өзіне қаржы бөле алмайды. Мені аталмыш бөлімнің басшысы етіп тағайындап жатқан кезде осы спорттық кешенді балалар-жасөспірімдер мектебінен бөліп алып, Достық үйіне қосу шаралары жүріп жатты. Одан кейін орталық алаңды жөндеу жұмыстары басталды. Мен жұмыс барысына үңілген сәтте түсінгенім – Достық үйін «Теректі спорт клубы» мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны ету мақсаты қойылған. Яғни, жабылған қос спорт клубтың біреуін болсын «дүниеге әкелу». Ал Достық үйін аудандық мәдени-демалыс орталығына қосу ойы болған. Қазір бұл жұмыстар жаңаша қарқын алуда. Бұйырса, спорт клубы Достық үйінен бөлініп шығады. Аудандағы спорттық құрылғылардың жағдайы мәз емес екендігін жақсы білемін. Бірақ, оны қолдануға лайықсыз ететін ауданның тұрғындары. Мысалы, Федоров ауылындығы заманауи спорттық алаңды алайық. Орындықтарды сындырып, балалар алаңқайының өзін іске алғысыз  етіп тастады. Орталық алаңда камералар орнатылған. Округ әкімімен бірлесіп, сол құралдарды іске жарамсыз еткендерді табамыз. Ал, алаңды салып берген мердігер компания өкілдері бәрін қайта қалпына келтіреміз деп отыр, - деді бөлім басшысы өз сөзінде.

Жарамсыз һәм тозығы жеткен спорттық құрылғылар туралы айтсақ, аудан орталығындағы дене шынықтыру кешенін де айналып өте алмаймыз. Достық үйі директорының спорт саласы бойынша орынбасары Армат Ибраевты сөзге тарттық.

- Спорт кешеніндегі құралдар 2012 жылдары алынды. Содан бері жаңартылған жоқ. Алдағы уақытта «Теректі» спорт клубы құрылып, өз алдына дербес мекеме болса жұмысымызды  осы құралдарды жаңартудан бастаймыз. Аудандағы спорт мәселесінің жағдайы нашар деуге келіспеймін. Футболшыларымыз облыста үздіктердің қатарында, күрестің түр-түрінен де дес бермейміз. Бір өкініштісі, ауылдарда әдіскер жоқ. Аудан орталығының өзінде тек бір ғана әдіскер жұмыс жасайды. Спорт клубы жасақталып, аяғынан тік тұрып, одан кейін әр ауылдық округте бір әдіскерден болса жұмыс тіптен алға басар еді. Чемпиондардың бәрі ауылдан шығады. Облыстық додалар болса, біз ережені амалсыз не округ әкіміне, не жастар жетекшілеріне жібереміз. Нақты спорт бойынша маман жоқ. Сол себепті ауылдарда талантты спортшыларымыз тасада қалып жатыр, - дейді Армат Мақсотұлы.

Тәжірибелі спортшының сөзінің жаны бар. Чемпиондардың дені ауылдан шығады демекші, додада жасындай жарқылдау үшін спортқа адам бала кезінен ынтық болуы тиіс. Яғни, мәселе балалар спортына кеп тіреледі. Расы керек, ауданда балалар спортына деген көңіл жеткілікті деңгейде емес. Аудандағы жаттықтырушылар құлшынып тұрған баланы тауып, оны тәрбилеп, тіпті спорттық бәсекелерге өздері қалталарынан қаражат шығарып апарып жүр. Оған дәлел жеткілікті. Ата-аналар да бала үшін қиналған жаттықтырушыны көріп, көмек қолын созады. Күрестің түр-түрі бойынша ауылдарда жаттығатын зал жоқ тіпті. Ауылдарда жаппай секциялар жабылып жатыр. Мысалы, биылдың өзінде Богданов ауылынан бокс, Ақсуат ауылынан дзюдо, Долин ауылынан грек-рим және Федоров ауылынан самбо секциялары бала қабылдауды тоқтатқан. Ал аудан орталығынан қазақша күрек секциясы ашылсыншы деп сандалып жүрген ата-аналарды көзіміз шалды. Оның бірі – Дәурен Жұмағалиев.

- Мен ұлымды қазақша күрес секциясына бергім келеді. Бірақ, оным арман күйінде қалуда. Аудан орталығында қазақша күреске сұраныс бар. Енді сұранысымыз орындалатын жағдай болды ғой. Алайда, жауапты мамандар «күн тәртібіне қоямыз, жоспарда бар» деумен шектеліп жатыр, - дейді ол.

Осыншалықты сұрақ туындатқан балалар спортын қадағалайтын , қолдайтын ешкімнің болмағаны ма? Жағдай осындай аянышты болса аудандағы спорттың келешегі, чемпиондарды тәрбиелеу туралы несін айтамыз? Осы орайда тікелей облысқа бағынатын балалар-жасөспірімдер спорт мектебі не қарап отыр деген заңды сұрақ туындайды. Заңды сұрақты сол мектептің директорының уақытша міндетін атқарушы Лаура Ермұқанқызына қойдық.

- Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қарамағында болды. Былтырдан бастап жағдай өзгерді. Қазір біз облыстық спорт басқармасының қарауына өттік. Жағдай едәуір жақсарды. Қаражат жағынан да еш қысылып отырған емеспіз. Алда жас футболшыларымызды облыс орталығына жарысқа жібергелі отырмыз. Самбодан жаттықтырушымыз Ақсай қаласында өтетін республикалық семинарға барады. Қазақ күресінен жаттықтырушы Б.Нығметов күні кеше Орал қаласында өткен жарысқа қатысты. Қолдау бар, алдағы уақытта да жалғаса береді. Ал қазақша күрес секциясын ашу туралы айтсақ, сұраныс барын білеміз. Осыған дейін жаттықтырушы мәселесі туындаған еді. Жуырда қазақша күрестен жаттықтырушы жұмыс іздеп жүргенін естідік. Дегенмен, жаттықтырушы бізге келмеді, ал оқу жылының басында сағаттар бөлініп тасталды, - деп түйіндеді сөзін директордың міндетін атқарушы.

Лаура ханымның көзқарасын бағамдасақ, ата-аналардың сұранысы әлі де арман күйінде қалатын сыңайлы.

Міне, өздеріңіз бағамдағандай бұқаралық спорттың да, балалар спортының да аудандағы жағдайы мәз емес. Бір мекеме бір мекемеден бөлінеміз деп сарсаңға түссе, спорттың болашағына жауапты бір мекеме қарапайым бір секцияны аша алмай  әбігер. Ия, бізде спорттық алаңдар бар. Бірақ бізде жаттығу үшін мектептің жертөлесіне «қоныстанған» спортшылар да  бар.  Республикалық сында чемпион атанып, әлемдік додаға бару үшін қолдау таба алмай жүрген мықтыларымыз да бар.

Мемлекеттік Ту тек екі жағдайда, ел Президенті шетелге іссапармен барғанда және спортшылар әлемдік ареналарда жеңіс тұғырына шыққанда көтерілетіні белгілі жайт. Президенттен кейін осындай мәртебеге ие спортшылардың мемлекет үшін маңызын осыдан-ақ бағамдай беруге болады.

Теректідегі спортқа деген «қолдауды» көріп тұрып жуық арада бізден Жақсылық Үшкемпіров пен Бекзат Саттархановтар, Самат Смақов пен  Бақтияр Артаевтар шығуы неғайбыл секілді.

 

Әділет Орынбасаров,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале