30.09.2021, 14:38
Оқылды: 63

Чемпионаттан олжалы оралды

Орал қаласында қол күресінен облыс чемпионаты өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған байрақты бәсекеге Орал қаласы мен өңіріміздің барлық аудандарынан келген құрыш білекті қыз-жігіттер қатысты.

3200BFDF-0EB6-4379-8940-8CA6DB7495AF

Аталмыш жарыста Бәйтерек ауданының намысын қорғаған спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғына көтерілді. Облыс чемпионатында 70 келіде жарыс жолына шыққан Қанат Ахметқалиева, пен 80 келі тартатын қыздар арасында өнер көрсеткен Юстина Сегунова үшінші орын иеленсе, дәл осы салмақ дәрежесінде күш сынасқан Роза Варданян финалда сүрініп, күміс алқа иеленді.

EDB22D44-FFE9-456A-9DD0-901AC924E1BA

-Жалпы спортшылардың бабы жақсы еді. Тек соңғы сәтте жолы болмай алтынға таласар мүмкіндіктен айырылып қалдық. Соңғы уақытта қол күресі де қарқынды дамып келеді. Сол себепті бүгінгі нәтижені қанағаттанарлық деуге болады. Алтын медалдің жоқтығы бізді жаттығуымызға қарқын қосып, алға қадам басуға жетелейді. Алда өтетін басқа жарыстарда жоғары жетістіктерге жетуге тырысамыз,-дейді команда жетекшісі әрі бапкер Виталий Бырко.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале