15.10.2022, 14:02
Оқылды: 75

Чемпиондар ауылында спорт кешені салынуда

Еркін күрестен ғалам жарысының жеңімпазы Нұрлан Бекжанов, қол күресінен жастар арасында Әлем чемпионы Гауһар Рустамова шыққан ауыл кеше тағы да бөркін аспанға атты. Сырым ауданының бұлдыртылық аруы Айкөркем Ихсанова грэпплингтен Әлем чемпионы атанды. Парадокс сол, чемпиондар ауылында спорт залы жоқ.

2A227940-E4B2-4937-89DA-F09DC44E3B81

Балуандар жертөледе, армрестлерлер мектеп залының қуысында жаттығуда. Бұлдыртыға заманауи спорт кешені қажет екендігін жергілікті жұрт та, спортшылар да, зиялы қауым өкілдері де айтудай - ақ айтып жүр. Дайын жобаның мақұлданбай, кері қайтарылған кезі де болды. Дегенмен биыл Сырым ауданы әкімдігінің Бұлдырты ауылына панель қабырғалы спорттық кешен салу туралы жобасына облыс билігінің оң шешімі берілді. Тамыз айында құрылыс басталды.

A9339370-45DA-4B57-92DA-66EAB2F6FE21

Кеше Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев құрылыс басында болды. 44 орындық көрермендер зонасы, спорттық ойындарға және күрес жаттығуларын өткізуге арналған залдары бар болашақ кешеннің көлемі 715, 15 шаршы метр. Ерекшелігі - құны 223,4 млн теңге болатын ғимаратты "Qaz Damu Constraction" ЖШС өз қаражатына салуда. Құрылыс аяқталып, мемелекеттік комиссия қабылдағаннан кейін облыс мердігер шығынын қайтарады.

EC693D2A-39E0-4F61-9323-FA897A3FE38D

"Бұл - өте тиімді әдіс. Мемлекеттік нысандарды жеке қаражатқа салып, ұсыну тәжірибесін дамыта беруіміз керек. Біз бұл бағыттағы әріптестікке дайынбыз", - деді Ғали Есқалиев.

Өңір басшысы құрылыс жұмысының сапасына мән беруді тапсырды. Учаске басшысы Мақсат Байбосыновтың айтуынша, нысанда 12 адам еңбек етуде. Оның төртеуі жергілікті жерден.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы, 

zhaikpress.kz,

Суреттер: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале