28.12.2021, 10:40
Оқылды: 57

Чемпиондарын қолдайтын ауыл

Бұған дейін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Сырым аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің құрылғанына 50 жыл толуына орай қазақ күресінен 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында ашық аудандық турнир өткенін айттық. БҚО аудандарының ғана емес, Атырау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының балғын балуандары бақ сынаған бәсекеде Айбол Оразғалиев пен Орынбасар Серік жаттықтыратын өлеңтілік спортшылар ерекше көзге түсті. Белдесулерін сәтті өткізген 7 балуан жүлделі орынға ілікті.

266408087_2295259187447451_3092543203299610567_n

Жарыстың марапаттау шарасында Өлеңті ауылының ерікті азаматтары өздері құрып, қаржыландырып жүрген "ӨЛЕҢТІ" қайырымдылық қорының атынан 7 жүлдегерге қаржылай сия - сияпат ұсынды.

Сондай - ақ ауыл азаматтары жуырда ғана Өскемен қаласында қазақ күресінен өткен республикалық "Жас Барыс" чемпионатында 65 келі салмақта жеңімпаз атанған Дәулет Серікке спорттық киімдер алу үшін 100 000 ₸ сертификатын берді. Еске салайық, "ӨЛЕҢТІ" қоғамдық қорының мүшелері осыған дейін Ақтау қаласында өткен "Ақ бидай" ауыл спорты түрлерінен өткен республикалық спартакиадада қазақ күресінен жүлдегер болған балуандар Мерей Бердіғали мен Нұрсұлтан Мырзахметовке және олардың бапкері Айбол Оразғалиевқа 50 000₸ сыйақы ұсынған еді.

Чемпиондарын қолдауға келгенде артқа шегінбейтін өлеңтіліктердің ісі басқа ауылдарға үлгі болса игі.

«Сырым елі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале