1.07.2021, 15:30
Оқылды: 58

COVID-19: бір аптада 21 науқас

– Өткен аптада тек маусым айында коронавирус індетін 51 бөкейлік жұқтырды десек, айдың соңында бұл көрсеткіш  72-ға жеткен. Демек бір-ақ аптада тағы да 21 бөкейлік бұл ауруға шалдықты. Мұның бәрі тұрғындардың бейқамдығынан. Әрине, айта-айта жауыр да болды бұл жағдай. Десе де денсаулық алдымен өзімізге  керек, – деді аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Света Рамазанова.

666EDF7B-7D01-4A34-B368-C3D18AB290AA

Өткен аптамен салыстырғанда пневмонияға шалдыққандар саны өзгеріссіз қалса, ауданымыздың бас санитары айтқандай коронавирусқа шалдыққан 21 науқас тіркелді. Солардың дені, яғни он-он науқастан Сайқын мен Хан ордасы ауылынан анықталды.  Бисен мен Ұялыда бір-бірден болса, Саралжында  тағы да үш науқас бар екен. Жас ерекшелігіне жіктегенде де әр сатыда өсім байқалады. Әсіресе, ол зейнеткер мен жұмыс істейтіндер санатында көп. Науқастың өзі 25 адам болса, олармен тығыз қарым-қатынаста болған 63 адам бақылауға алынды. Сонымен жыл басынан күні бүгінгі дейін ауданымызда 150 жан коронавирус инфекциясын жұқтырса, 356 адам олармен тығыз қарым-қатынаста болғаны үшін дәрігерлік бақылауға алынды. Үш өлім тіркеліп, қазір бес бөкейлік аудандық аурухананың жұқпа аурулар бөлімінде емделіп жатыр.

Раушан Жанатқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Суреттің дереккөзі dw.com

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале