7.10.2021, 17:24
Оқылды: 68

«Дала дидары» - Бәйтеректе

Бәйтерек аудандық мәдениет үйінде Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының "Дала дидары" әдеби-сазды көшпелі өнер ұжымының концерті өтті.

Концерт Қадыр ақын орталығының республикалық, облыстық деңгейде іске асырып отырған мәдени шаралары мен қолға алған тың жобалары туралы бейнефильммен ашылды.

E314EE5C-504D-4A13-B326-1A47BA75DFD7

Қадыр ақынның сөзіне жазылған әсем әндер шырқалып, өлеңдері нақышталған, әзіл-қалжыңдары мен афоризмге айналған даналық ойлары насихатталған кеште орталық директоры Бауыржан Халиолла риясыз көңілді аудан халқына бақ-береке тілеп, жобаға қолдау танытқан аудан әкімі Марат Тоқжановқа алғысхат табыстады.

41023714-A1DF-4E3E-AFB3-E95B1B7C8003

«Ең алдымен ел қамы, содан кейін қалғаны»,- деп өмір сүрген, мемлекеттік сыйлықтың және тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығы насихаттаған кеш көрерменге ерекше әсер етті. 

-Карантиннің қыспағынан босап, өшкеніміз жанғандай болған сәтте жобамыз қайта жанданды. Жаңа күш, тың серпінмен бір үйдің баласындай болып кеткен ұжымның өнерін алдарыңызға әкеліп тұрмыз. Қолбайлау болған індеттен арылсақ қалың көпшіліктің көңілін тауып, Қадыр рухын асқақтата бермекпіз,-деді Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының директоры, жоба жетекшісі, ақын Бауыржан Халиолла.

DF6382C1-8023-48CC-86EF-20AE7CCF807C

Елдің екінші гимніндей болған «Атамекен» әнімен түйінделген концертте аудан әкімі Марат Тоқжанов өнер ұжымына елдің ризашылығын жеткізіп, ықылас гүлін тарту етті.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале