26.10.2022, 16:19
Оқылды: 35

Даңқты республика даласында...

ҚР Республика күні мерекесіне орай Сырым ауданына қарасты Бұлдырты ауылында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. Шараның ашылуына Сырым ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Ахметов қатысып, ауылдастарды ұлт тарихының алтын парағы – Республика күнімен құттықтады.

9

Керней кернеп, сырнай сарнап, ұлы той басталды. Атшабар алаңына алдымен тайлар шықты. Тай бәйгені Бұлдыртының Қоянқасқасы ешкімге бермеді.

12

Баптаған – Нығмет Исағалиев. Құнандар арасынан теректілік атбегі Мұхит Жанболат қосқан Аягөз атып шығып, жүлдені алды.

11

Аламан бәйгеде белгілі атбегі Мүтәлі Төреғалиев жаратып, қосқан Құралайдың бағы жанды. Шабандоз Ершат ел қол соқты. Кейін ауыл балалары жүгіріп, қол күрестіріп, садақпен жамбы атып жарысты Дала қызықтарына ауыл азаматтары жүлде тікті. Бас демеуші –  "АлиСтрой" ЖШС директоры Лесбек Нұрпейісов.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале