16.09.2022, 18:01
Оқылды: 60

Дарабоз ұстаз

Кеше Сулыкөл ауылына қарасты Үшана ауылындағы Берқайыр Аманшин атындағы жалпы орта білім беретін​ мектебінде​ ұлағатты ұстаз Аман Жүсіпқалиұлының 80 жасқа толуына орай​ «Дарабоз» бағдарламасы аясында «Білім мен ауыл егіздер, саналы ғұмыр кешкен​ ер» атты салтанатты шара өтті.

20220915095353_IMG_9306

Аман Жүсіпқалиев 1942 жылы Үшана ауылы, Құрылыс елді мекені, Батпақөл жағасында дүниеге келген.

А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факулттетінен география пәні мұғалімі мамандығын алып шыққан.

1975-2006 жылдар аралығында туған ауылындағы мектепте география пәнінінің жоғары санантты мұғалімі болып қызмет атқарды Өлкетану бағытындағы «Жер-Ана» экологиялық бағдарлманың авторы.​

31 жыл ұстаздық етіп, бірнеше мықты шәкірттер тәрбиелеген​ ​ Аман ағаның еңбектегі жетісіктері бағаланып, бірнеше марапаттауларға ие болды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың​ алғыс хаты, аудан, облыс​ әкімдерінің алғыс хаттары, облыстық білім басқармасының, аудандық білім беру бөлімінің мақтау қағаздарымен, Қазақстан Республикасы білім және ғылым​ Министрлігінің «Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің​ «ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына» орай алғыс хатымен, «Ерекше ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

–​ ​ ​ Балалық​ шағын еске алмайтын адам болмайды. Біздің сәбилік, балалық шағымыз өткен Ұлы Отан соғысының​ қайнаған кезінде өтті. Үшана өңірінен соғысқа 700-ге жуық адам аттанған екен. Қаншама адамның жолдастары мен балалары артында қалды. Бала-шағадан бастап үлкендер болып майдандағы жауынгерлерге көмектесу бағытында аяанбай еңбек еткен. 11 жасымыздан бастап шөп шабу, шөп жинау жұмыстарын жасадық. Сөйтіп еңбекке ерте араласып, ата-анамызға көмектестік. Мен ойлайтын едім біздің аналарымыз сонда қай уақытта демалады екен деп. Олар бізді бесікке бөлеп кетеді екен де түсте, кеште бір келеді екен. Міне халықтың әскерге көмек берген осындай жаппай жанқиярлық еңбегінің арқасында еліміз зұлым жауды жеңді.

Қалдығайтыдағы Қарқоға мектебінен 1959 жылы мектепті​ аяқтадым. Отбасы жағдайына байланысты​ ешқайда бара алмадым. Содан халық шаруашылығына араластым. Қалдығайты ауылындағы жастар-комсомолдар ұйымының жетекшісі болуым маған рухани күш берді.

«Адамды адам еткен еңбек» деген нақыл сөз бар. Адам иманды болуы керек. Иманды болса тәрбиелі болады. Тәртіпті адам жақсы білім ала алады, - деді ұлағатты ұстаз Аман Жүсіпқалиұлы.

​Аман Жүсіпқалиұлымен 1979-1988 жылдар аралығында Үшана ауылындағы мектепте бірге жұмыс жасаған​ Х.Айтқалиев мектепте жұмыс жасаған кездерінде түсірілген фотолармен безендірілген албомын​ Аман ағаға табыстады. Сонымен қатар Хайролла Айтқалиұлы «Өнеге толы ғұмыр», «Өмір деректері» атты кітаптарын мектеп кітапханасына тапсырды. Шара барысында Аман аға туралы бейнеролик тамашаланды.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Сафуллин, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Б.Ғарапшиев,​ Аман ағаның өзі ұстаздық еткен білім ордасындағы әріптестері ол кісінің білім саласына сіңірген еңбектері турасында әңгімелеп,​ сый-сияпаттарын табыстады.

20220915120311_IMG_9361

Еліміздің әр аймағында елеулі​ еңбек етіп жүрген ағаның​ шәкірттері Айкүн Құспанова, Ринат Жұмабайұлы, Сағира Ақдөңова​ онлайн байланыс арқылы​ мерейлі жасымен құттықтады.

Аман Жүсіпқалұлына мектеп оқушылары тарапынан​ «Сіз үшін өмірдің мәні неде?», «Бейнеттің Зейнетін көретін шақ дегенді қалай түсінесіз?», «Қазіргі қоғамдағы қандай мәселе сізді жиі толғандырады?» Деген сауалдар қойылды.

Аман аға қойылған сауалдарға ұғынықты, нақты жауаптар берді.

Кездесу кешінде мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Аман ағаның шәкірті болған Асхат Ерболатұлы «Ұстазым» әнін орындады.

20220915122623_IMG_9378

Шара соңында Аман Жүсіпқалиұлы кешке қатысушыларға алғысын білдіріп, жақында жарық көрген​ «Бата - асыл мұра» атты кітабын ұсынды.

Шараға қатысқан Мұхит атындағы​ мектептің 1-сынып оқушысы Оралбек Нұртасұлына аталмыш​ кітабын​ табыс ете отырып, батасын берді.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​           ​ ​ ​ Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале