31.01.2020, 17:25
Оқылды: 57

Дәрігер-кардиолог жерлестеріне көмек көрсетті

Шыңғырлау ауданының тумасы, дәрігер-кардиолог Нұрлан Жұбаниязов аудандық ауруханада жүрек ауруына шалдыққан науқастарды қабылдады.

serpin dariger (2)

Бүгінде Орал қаласында тұратын жерлесіміз бір күнде отызға жуық науқасты қабылдап, ем-дом шарасын белгіледі.

 -Мен Тасмола ауылында дүниеге келіп, аудандық ауруханада 1992-2006 жылдары қызмет еттім. Өткен жылы жерлес әріптестерім, ағайынды дәрігер-невролог Қазиевтердің туған жеріне келіп, көптеген сырқат жандарға көмек бергеніне риза болған едім. Бұл іс маған да үлкен ой салып, ауыл тұрғындарына жергілікті жерде қолұшын беруге шешім қабылдадым. Бір жағынан науқастарды қабылдау арқылы таныс, жерлес, әріптес жандарды көріп, бір қуанып қалдым. Әрі бұл менің ел алдындағы парызым һәм қарызым деп ұғындым, - дейді білікті дәрігер.

Аудандық аурухана басшылығы Шыңғырлау ауданынан шыққан білікті дәрігерлер сапары алда да жалғасын табатындығын айтты.

 Аман Ізмұхан

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице в Instagr am и нашем Telegram-канале

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале