23.08.2021, 11:30
Оқылды: 22

Дәрігерлер бүлдіршіндерді қуантты

Оқу жылы басталуына санаулы күндер қалды. Мектеп табалдырығын аттайтұғын бүлдіршіндеріміздің де білім алуға және жаңа оқу жылына дайындығы жаман емес. Еліміздің барлық аймақтарында «Мектепке жол» республикалық акциясы ұйымдастырылуда. Акция Казталов ауданында да жалғасын тауып, ақ халатты абзал жандар өрендерге қолдау көрсетті.

 д1

20 тамыз күні Казталов аудандық ауруханасының ұжымы мектеп қабырғасында білім алатын 22 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешектер үлестірілді.

Аталмыш аурухананың «SENIM» кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғазиза Мусина іс-шара жөнінде мәлімдеме жасады.

д2

- Аурухана ұжымы Казталов мектеп-лицейінің 3 оқушысы мен 19 аурухана қызметкерінің 1-сыныпқа баратын балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтар берілді.

Атап айтар болсақ, 3 мектеп оқушысына мектеп формасы мен оқуға қажетті құралдар, ал 1-сынып оқушыларына аспалы сөмке мен оқу құралдарын ата-аналар мен оқушыларға табыстадық. Оқушыларымыз сапалы білім алып, еліміздің қалаулы азаматы болғай! - деді кәсіподақ төрайымы.

д3

Шара барысында аурухананың отбасы денсаулық орталығының меңгерушісі Әсем Нұридденова ата-аналар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтаса, ата-аналар ризашылығын білдірді.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале