1.02.2024, 15:15
Оқылды: 185

«Дария жырдың Дариғасы» аудандық байқауы өтті

Казталов ауданындағы С.Садықов атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі, «Парасат» орденінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, айтыскер, ақын Дариға Мұштанованың құрметіне «Дария жырдың Дариғасы» атты аудандық байқау өтті.

423312923_853583193444574_5468160051057908837_n

Поэзия әлеміне көз салсақ қазақтың арман-мұраты, шаттығы мен қайғысы ең алдымен ақын жүрегіне жиналған, ақын өлеңдеріне арқау болған. Атадан балаға мирас болған байлығымыз, қазынамыз туған тілге, көркем әдебиетке, оның ішінде поэзияға деген құштарлығын арттырып, өлең сөздің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.

Байқауға ауданның 5-11 сынып аралығында 60-қа жуық оқушы қатысты. Байқаудың «Жанартаудай жанымды өртейді өлең» атты аталымында оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыса,  «Дариғаша жырлаймын» аталымында қатысушы ақын өлеңінің бір шумағын алып ары қарай өлең құрады. Ал «Әнің бар қалықтаған» аталымында ақынның сөздеріне жазылған әндерді орындады.

Шара барысында сөз алған Дариға Мұштанова:

- Менің жүрегімнен шыққан дүниелерімді насихаттап, осындай әдемі рухани кеш ұйымдастырған барша жанға алғысым шексіз. Кез келген ақынның жазған дүниесі халық игілігі. Жазған еңбегінді оқырман оқып жатса, өзің рахаттанасын, - деген алғысын білдірді.

«Жанартаудай жанымды өртейді өлең» номинация бойынша І орын Марал Бүкебай (Г.Бегалиев атындағы мектеп), ІІ орын Дильназ Мүтиғолла (К.Мендалиев атындағы мектеп), ІІІ орын Инабат Ізмағанбетқызы (А.Хұсайнов атындағы мектеп) мен Айша Рахимова (Қараөзен мектеп-лицейі) иеленді.

423779630_853584760111084_527985446413548362_n

«Дариғаша жырлаймын» бөліміне қатысқан оқушылар арасынан І орынды Рамина Тілемісова (Қараөзен мектеп-лицейі), ІІ орынды Сымбат Төлегенова (Қайынды мектебі), ІІІ орынды Гүлсана Қайрат (А.Хұсайнов атындағы мектеп) және Бекнұр Үмбет (С.Есетов мектебі) алды.

«Әнің бар қалықтаған» кезеңінде ақын сөзіне жазылған әндерді шебер орындап, І орынды Жігер Жасқайратов (Қарасу мектебі), ІІ орынды Бекарыс Тасқали (Ғұмар Қараш мектеп-гимназиясы), Нұршат Ахметова (Ақпәтер мектебі) мен Нұртілек Наурызғали (К.Мендалиев атындағы мектеп) ІІІ орынды иеленді. Арайлым Нұрболат алғысхатпен марапатталды.

Кеш соныңда аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова Дариға Ғазезқызының иығына зерлі кәжекей мен ақ жаулық жауып, гүл шоғын табыстады.

Гүлнұр Бөлешова,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале