12.12.2021, 14:30
Оқылды: 70

Дариян ауылында Александр Каренскийдің шығармашылық концерті өтті

Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық мәдениет үйінде «Дариян», «Азия» вокалды-аспаптық ансамблі мен «Нұр-Әділ» вокалды дуэті ұлттық шығармашылығы ұжымының саз жетекшісі Александр Каренскийдің «Тәуелсіздікке тарту» атты шығармашылық концерті өтті.

smart

Кештің шымылдығы «Дарьюшка» халықтық би ансамблінің үлкен топ бишілерінің мың бұралған биімен ашылды.

Кейін «Дариян» аспаптық ансамблінің әншілері Балым Ниетова, Нұршат Ғұбайдуллина және Інжу Мұхтар әуелете ән шырқап кеш сәнін кіргізсе, «Дарьюшка» халықтық би ансамблінің кіші топ бишілерінің «Батырлар» биі көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ, республикалық, облыстық, аудандық байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы «Нұр-Әділ» дуэті де көрермен қошеметіне бөленді.

Сонымен қатар «Азия» тобының өнерпаздары да саф дауыстарымен тыңдарманды тәнті етті.

Шара соңында сөз алған Дариян ауылдық округінің әкімі Тілек Кәкенов концертті тамашалауға жиналған ауыл тұрғындарын мерейлі мерекемен құттықтап, өнерден шашу шашып, тамаша кеш сыйлаған мәдениет үйінің шығармашылық ұжымына еселі еңбек пен  толайым табыс тіледі.

Гүлжан Аязбаева, 
Бәйтерек ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале