19.11.2020, 9:18
Оқылды: 66

Дариян жастары фильм түсірді

Жуырда Бәйтерек ауданы, Дариян ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Ұлағат» театрының жас әртістері қысқа метражды фильм түсірді. Театр жетекшісі Асылай Көпжанованың «Жақсылыққа жақсылық» әңгімесінің желісіне негізделген картина әлеуметтік желі арқылы көпшілікке ұсынылып, көрерменнің оң бағасын алды.

scale_1200

Анасының ауруына емдік шөп іздеген қыздың жолында кездескен түрлі оқиғалар желісіне негізделген фильм адамдарды жамандықтан аулақ болып, жақсылыққа жетелейді.

Жаны жақсылыққа құмар қыздың рөлін сомдаған Меңдіқыз Шаймарданова, ананың рөліндегі Мәдина Ибрагим мен мүмкіндігі шектеулі жандардың рөлдеріндегі Камиля Болатова, Толқынай Қанат, Жазира Аширова және әжесінің рөлін тамаша орындап шыққан Айару Нұрлан көпшілікті өнерлерімен тәнті етті.

Пандемияға байланысты көрерменге әлеуметтік желі арқылы ұсынылған жастардың тырнақалды туындысына жақсы деген баға беріп, рөл сомдағандарға жылы лебіздерін білдіргендер көп болды.

Гүлжан  Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале