29.10.2020, 9:15
Оқылды: 47

Дариянда көп жылғы күл-қоқыс тазартылды

Бәйтерек ауданына қарасты Дариян ауылдық округі, Озерный елді мекенінің жанында көп жылдан бері жиналған қоқыс ауыл тұрғындарының мазасын қашырғанына біраз жыл болды. Бұл мәселені айтып, озерныйлықтар округ басшылығына барған.

9c383fc3-966e-4ffa-9db8-65c3eebf8385

         Ауыл азаматтарының назын жерге тастамаған әкім міндетін атқарушы Тілек Кәкенов Орал қаласындағы «Әмина» жеке кәсіпкерлігі жіберген «КамАЗ» автокөлігінің және облыстық мәслихат депутаты Иван Енютин жолдаған арнайы техниканың көмегімен ауыл маңындағы 11 қоқыс орнын түгел тазалап, жиналған күбірді арнайы орынға апарып төккізді.

Айта кететін тағы бір жайт, бұл үлкен сенбілік барысында тек Озерный ғана емес, Дариян ауылы маңындағы қоқыстар да тазартылды.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале