13.04.2021, 9:58
Оқылды: 40

Дариянда сенбілік өтті

Тазалық айлығын Бәйтерек ауданының ауылдық округтері де қолдап әкетті. «Тазалық  - табалдырықтан басталады» демекші, өзі тұрып жатқан ауылды таза ұстау - әр тұрғынның басты міндеті. Туған жерінің таза болғанын қалайтын дарияндық ағайын сенбілікке шығып, ауыл ішін тазалады.

60D52DA1-6478-4427-9C17-D218DA8147BC

Сенбілік туған жерді әрлендіре түсіп, Дариянды таза ауылға айналдыруға және көркейтуге өз үлесін қосу мақсатында өткізілді.

Дәстүрлі түрде өткізілетін сенбілікке барлық мекеме, ұйым қызметкерлері мен ауыл жастары және қарапайым тұрғындар бір кісідей атсалысты.

4C37FDAC-EE3D-42AD-880A-81F492368FDE

-Әр  мекеме, ұжым қызметкерлері бөлінген аумақтарда тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Бұл сенбілік ауыл адамдарының табиғатқа деген жақсы қарым-қатынастарын қалыптастыруға, санитарлық жағдайдың жақсаруына бағытталған болатын .Алдағы уақытта да осындай сенбіліктер жалғасын табады деген сенімдемін, - дейді ауылдық әкімдіктің бас маманы Ирина Лесунович.

0FC30938-9642-4F6B-AE29-05639AC62B84

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале