6.12.2021, 16:10
Оқылды: 66

Дәстүрге айналған байқау

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында мемлекетіміз сындарлы жолдардан, сан түрлі белестерден жығылмай аман өткені шындық.

1637665034_0sce5uwkk-a

Иә, Елбасымыздың өзі айтқандай, Қазақстан халқы білімге, ғылымға құмар халық. Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының ұйымдастыруымен жыл сайын тұрақты түрде «Президентке хат» атты сырттай байқау өтеді. Бұл байқаудың авторы  - Ғазиза Бекжанқызы.

Оқушылар арасындағы байқау осыдан бірнеше жыл бұрын Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевқа арналған болатын. Биыл да игі шара жалғасын тауып, сынып, отбасы және жеке оқушылардан Елбасымызға арналған хаттар толассыз келді. Ана тілінде еркін сөйлейтін, орыс тілін игерген, ағылшын тіліне жетік ауданымыздың оқушылары бұл байқауға белсенділік танытып, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевқа ақ тілектерін арнап, хаттар жазды. Байқауға жіберілген хаттарды қазылар алқасы сараптап, жіберілген жұмыстар қорытындыланды.

Нәтижесінде «Отбасы атынан» жазылған хат бойынша Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ 4-сынып оқушысы Асқар Сұлтанбектің отбасы жеңімпаз атанды. Ал жеке оқушы атынан жазылған хаттардың ішінде Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ  7-сынып оқушысы Нұрғали Нұртас Нұржанұлы үздік деп танылды. Сынып атынан №3 ЖОББМ  2 «в» сынып оқушылары (сынып жетешісі Бақтыгүл Қуанышқызы) жеңімпаз атанды.

А.Мұханбетова,

МТЖО бұқаралық бөлім меңгерушісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале