11.12.2021, 15:10
Оқылды: 56

Дәстүрге айналған тартысты турнир

Жуырда «Jastar» спорт клубында белгілі қоғам қайраткері, Жаңақала аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Сапаров Сатқали Сапарұлын еске алуға арналған шағын футболдан аудандық ашық турнир өтті. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Дархан Закарин, Фазылғали Сатқалиұлы, өлкентанушы Тыныштық Өтешқалиев сөз сөйлеп, елі үшін елеулі еңбек етіп, бар ғұмырын ауданымыздың дамуына жұмсаған жан туралы сөз сөйледі.

WhatsApp Image 2021-12-11 at 10.53.46

Тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан бұл турнирге Акжайык ауданы, Қабыршакты ауылы, Казталов ауданы, Шыңғырлау ауданы, «Жасыл ел», Жаңақала ауданы, Жаңакала жалпы орта білім беретін мектебі, №3 жалпы орта білім беретін мектебі, аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебі, Кызылоба ауылдық округінің командалары қатысты. Сайдың тасындай мықты спортшылардан құралған 9 команда бақ сынаған шағын футбол тартысқа толы болып, көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлады.

WhatsApp Image 2021-12-11 at 10.56.31

Жарыстың нәтижесінде қарсыластарының бәрінен басым түскен «Жасыл командасы» жеңімпаз атанды. Жеңімпаз болып, мойындарына медаль, қолдарына кубок ұстаған спортшы жігіттерге 100 мың теңге сертификат табысталды.

WhatsApp Image 2021-12-11 at 10.54.20 (1)

Жүлделі ІІ орын Казталов ауданының командасына (80 мың теңге сертификат) бұйырса, үздік үштікті Ақжайық ауданы, Қабыршақты ауылының спортшылары (60 мың теңге сертификат) түйіндеді.

WhatsApp Image 2021-12-11 at 10.53.52

Бекзат Иманғазиев («Жасыл ел» командасы) - «Үздік ойыншы» номинациясына ие болса, Ернұр Ержан (Казталов ауданы) – «Үздік шабуылшы» бағамына лайық деп танылды. «Үздік қақпашы» номинациясы Тұңғышбек Ерғалиевке (Ақжайық ауданы, Қабыршақты ауылы) берілді. Үздік шыққан спортшыларға диплом және ақшалай сыйлықтар табысталды.

WhatsApp Image 2021-12-11 at 10.53.51

Оқырмандарымыздың естеріне сала кетейік, бұл жарыс 2013 жылдан бері тұрақты түрде өтіп келеді. Жарыстың бас демеушілері – Сатқали Сапарұлының ұрпақтары.

WhatsApp Image 2021-12-11 at 09.17.13 (1)

Жанайдар Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале