19.03.2023, 20:00
Оқылды: 23

Дауыс беру құқығы сақталды

Бөкей ордасындағы барлық сайлау комиссияларында дауыс беру құқығы сақталды.

InShot_20230319_195910314
Хан Ордасы және Саралжын ауылында денсаулықтарына байланысты сайлау учаскесіне келе алмаған сайлаушылар үшін үй жағдайында таңдау жасауына мүмкіндіктер жасалды. Учаскелік сайлау комиссия мүшелері жүріп-тұруы қиын зейнеткерлердің үйін аралап, олардың дауыс беру құқықтарын назардан тыс қалдырмады.
Аудан орталығындағы№53 сайлау учаскесінде 21 сайлаушы,№75 сайлау учаскесінде 15 сайлаушы үйден дауыс берді.

Күн ұзаққа сайлау науқанынан салған ақпараттарымыздың бірінің астына оқырмандарымыз "Аудандық ауруханада емделіп жатқан науқастарымыз қалай дауыс береді?" деген сауал қойған екен. Осы сауал мен аумақтық сайлау комиссиясына жүгінген едік.

Комиссия мүшесі Мұхтар Жоламанов:

- Дауыс беру үшін сайлау болатын күні түскі сағат 12:00-ге дейін өтініш берілуі керек. Жеке азаматтардан өтініш түспесе, ешқандай комиссия мүшесі дауыс алуға бара алмайды, - деп жауап берді.

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале